Әнші Жеңіс Ысқақова рэкеттермен байланысы туралы шындықты айтты

Өнер иесі қылмыс әлемінің серкелерімен дос болған.

Сабина Асқарқызы

  • 18.06.2024

Әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Ысқақова рэкеттермен дос болған сәтін еске алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі кезінде өзін ән айтуға шақырған адамдардың қылмыс әлемінің серкелері екенінен бейхабар болған. Алайда, өзінің ешқандай қиянат көрмей, керісінше жағдайын дұрыстап алғанын жасырмай айтты.

2000 жылдары. Мұқтаждық емес, ол кезде үтік қоссаң да менің әнім шығып жататын кез болатын. Маған кім ақша төлеп, билет алады, соның ақшасына өлең айтып беремін. Әрине, солардың арқасында жағдайымды жасап алдым. Концертке шақырады. 10, 20 жылдықтары не болмаса шешесінің мерейтойы болады. Ол кезде ол бандит пе, ол милиция ма, ол кәсіпкер ме, білмейміз ғой. Жақсы бір достарым, Атырауда, бизнесте жүрді, отбасылық дос болдық. "Біздің ауылда той болып жатыр. Соған өзіңе ыңғайлы әріптестеріңмен келіп, концерт қойып кетсең" дейді. Ақшасын - бәрін төлеп береді. Кәдімгідей бағаңды беріп, ханның қызындай күтіп алады. Атын атаймын, - дейді әнші.

Ол Рысқалиевтер әулетімен дос болып, оның жасаған жақсылығын атап өтті.

Ақаман Рысқалиев - менің досым. Қазір де досым. Басына күн туды. Біреудің жолын кесті ме, білмеймін. Ол - мен үшін кәсіпкер. Ақаманның Атырау өңіріне жасаған қамқорлығы көп, - деді әнші АDAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды