«Болашақ жарыма түсіндіріп айттым»: Нұрлан Еспановтың ұлы даулы мәселеге нүкте қойды

Ол кінәлі адамды іздеп тапқан.

Сабина Асқарқызы

  • 15.04.2025

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов өзіне қатысты тараған даулы ақпаратқа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Олжас журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында атышулы оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

Бұл жазбаны әлеуметтік желіде таратқан қызды танымаймын. Егер мен оған хат жазған болсам, ол менің парақшамда да сақталуы тиіс еді ғой. Бірақ менде ондай жазбалар жоқ. Архив жазбаларымды бірнеше рет ақтардым. Шыны керек, бұл үлкен аяқтан шалу болды. Ол қызбен ешқашан кездеспедім де, танымаймын да, деді Олжас.

Сондай-ақ Олжас әлеуметтік желіде хатты кім жариялағанын анықтауға тырысып, сол адаммен хабарласуға әрекет жасағанын айтты.

Алғаш TikTok желісінен көріп қалдым. Кейін бұл жазбаны Айсұлу есімді қыз жариялағанын білдім. Бірақ ол жабық парақша екен. Қарасам, бізде ешқандай диалог болмаған. Кейін маған біреу «ол Айсұлу емес, Башқұртстаннан Александра есімді қыз» деп жазды. Яғни бұл адам Айсұлу есімімен контент жүргізіп жүрген болып шықты. Мен оған: «Не үшін жасадың?» деп жаздым. Бірақ ол диалогқа келмеді. Жазғаны жиіркенішті көрінді. Сосын тыныштық үшін оны бұғаттап тастадым. Кейін оның шын есімі Александра екенін білдім. Ол Айсұлу болып бір адамның өмірін құрдымға кетіре жаздады. Қазір мен үйлену алдында тұрмын. Болашақ жарым Айнұрға да бәрін түсіндіріп айттым, деп түйіндеді Олжас Еспанов.

Фото: instagram.com/espanov_olzhas

Байланысты жаналықтар

«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

06.05.2025

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

06.05.2025

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

05.05.2025

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

30.04.2025

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

23.04.2025

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

23.04.2025
MalimBlocks
«Ерлермен иіліп амандасу керек»: Алматылық қыздарға арналған жиын қызу талқыға түсті

Жиын барысында қыз баланың инабаттылығы, киімі мен жүріс-тұрысы туралы уағыз-насихат айтылған

Нұрлан Еспановтың ұлы мешітте неке қидырды

Жас жұп бұл ерекше сәтке есте қалатын ерекше күнді арнайы таңдаған

Мұқағали Мақатаевтың отбасы атышулы блогерден 10 млн теңге талап етті

Іс "Қорлау" бабы бойынша қаралып жатыр

Жігер Ауыпбаевтың әйелінің бетін ашқан Нұрлан Еспанов таңданып қалды

Өнер иесі жақын достарын бейнебаянының тұсаукесеріне шақырған

Меруерт Түсіпбаева жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды

Өнер иесі жаңа бейнебаян түсіргенін айтты

Анасының аяғын уқалаған Ердос Қанаев көпшілікті сүйсіндірді

Өнер иесі анасына арнап жазба қалдырған.