«Қазақ даналығының бейнесі». Желі қолданушылары Димаш Құдайбергеннің әжесіне тамсанып жатыр

Журналист әншінің әжесін көпшілікке үлгі етті

Сабина Асқарқызы

  • 13.09.2024

Танымал журналист Әлия Әшім Instagram парақшасында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенді тәрбиелеген Миуа апаны көрсетті. Журналист әншінің әжесін көпшілікке үлгі етті, деп хабарлайды Malim.kz.

"Димаштың анасын көрсем, ана бір ескі видео есіме түсіп кете береді.
Естеріңізде ме: "түу пәлтесінің белі қандай әдемі. Димаконым менің, бойы ұзын, жауырыны кең, дәу жігіт болайын деп тұр ғой..." деп жап-жас Миуа апа тамсанып отырғаны немересіне. Бала өзіне ананың сөзімен, көзімен қарайды. Анасы "қандайсың" десе, өзін "сондаймын" деп таниды. Адамның бойындағы сенімі мен ішкі күшін қалыптастыратын да - ананың сенімі мен шартсыз махаббаты, сірә. Баласын шартсыз, пәк махаббатпен өсіріп отырған аналарымыз аман болсын", - деп жазды журналист.

Желі қолданушылары әжесінің Димашқа айтқан сөздері дәл келгенін айтады.

"Менің Димашымды әлем таниды деп айтып еді", "Сол видеода айтқан сөздері дәл келіп жатыр", "Димаштың әжесі – қазақ даналығының бейнесі", "Қанша жасқа келсе де келбеті әдемі", "Қазақтың дана әжесі", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

13.05.2025

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

09.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 13-14-ші хат

Мeмлeкeт басшыларынан бастап, жeргiлiктi əкiмтайға дeйiн қазақша сөйлeмeсe, бұл тiлдe рeсми құжаттар жүргiзiлмeсe – oның нeсi мeмлeкeттiк тiл?! Басқа-басқа, Кoнституцияның өтiрiк айтқаны – өлгeнi ғoй. Нe бoлмаса, Кoнституция қағидасын oрындамай oтырғандар oңбаған. Eкiнiң бiрi. Мiнe, бұл əдiлeтсiздiккe нeгiздeлгeн қoғамның нышаны