Фариза Төреәлі бір тәулікте оқырмандарынан 46 млн теңге жинап алған

Блогер оқырмандарынан көмек сұрады

Сабина Асқарқызы

  • 12.07.2024

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі туысының ауыр дертке шалдыққанын айтып, оқырмандарынан көмек сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Блогердің айтуынша, туысы тез арада ота жасатуы үшін шетелге кеткен. Ол шетелдегі ем үшін көлемді қаражат керек екенін айтып, оқырмандарына үндеу жасады.

Алғашында Фариза Төреәлі 7 күнде 40 млн теңге жинау керек екенін жеткізді. Дегенмен, бұл сома бір күннің ішінде жиналған.

Блогердің парақшасындағы оқырмандардың  белсенділігі сонша, сағат сайын жиналған ақшаның саны арта түсті. Осылайша, ол емге қажет болған 40 млн теңгені асырып, небары бір тәулікте 46 млн теңге жинап алған.

«Осымен ақша жинау тоқтады. Бір тәулікте – 46 млн теңге. Артығын емге жұмсайды. Қазір химия алып жатыр. Барлығы қымбаттап кеткен. Баршаңызға алғыс. Бір күнге жеткізбей, бір адамның әрі қарай өмір сүруіне себепші болып жатырсыздар. Алла Тағала мұны сіздерге екі еселеп қайтарады», - деп жазды Фариза Төреәлі.

Фото: instagram/farizatoreali

Байланысты жаналықтар

«Құны – 3 миллион теңге»: Фариза Төреәлі анасы мен енесіне қымбат сыйлық жасады

07.02.2025

«Елдос Колобок» бедеулікке қарсы операцияның қалай жасалғанын айтты

31.01.2025

«Үнсіз отыра алмаймын»: Құран сүресінен рэп оқыған блогер ақталды

30.01.2025

Танымал блогер ішіп алып, Құран аяттарынан рэп оқыған

29.01.2025

«Артық әңгіме айтпаңыздар!»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі ажырасуға қатысты нүкте қойды

27.01.2025

«Жылқыны қолға үйреткен қазақтар емес». Блогердің пікірі желі қолданушыларының ашуын туғызды

27.01.2025
MalimBlocks
«Құны – 3 миллион теңге»: Фариза Төреәлі анасы мен енесіне қымбат сыйлық жасады

Танымал жұп ерекше сыйлық жасады.

«Елдос Колобок» бедеулікке қарсы операцияның қалай жасалғанын айтты

Ол енді жақсы хабарды күтіп отырғанын жасырмады.

«Үнсіз отыра алмаймын»: Құран сүресінен рэп оқыған блогер ақталды

Ол ешқандай алкоголь ішпегенін және мазақ ету мақсатында жасамағанын айтады

Танымал блогер ішіп алып, Құран аяттарынан рэп оқыған

Желі қолданушылары блогерлерді жазалауды талап еткен

«Артық әңгіме айтпаңыздар!»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі ажырасуға қатысты нүкте қойды

Оның айтуынша, күйеуімен ажырасқандарына 1 жылға жуық уақыт болған

«Жылқыны қолға үйреткен қазақтар емес». Блогердің пікірі желі қолданушыларының ашуын туғызды

Оның айтуынша, қамбар ата түлігін пайғамбарлардың бірі қолға үйреткен