Мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салу керек – Саят Медеуов

Әншінің пікірінше, қазіргі таңда сахна деңгейі төмендеп, өнер сапасы құлдырап жатыр

Сабина Асқарқызы

  • 21.01.2025

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Саят Медеуов сапасыз әндерді орындайтын әртістерді сынға алды. Бұл туралы ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің пікірінше, қазіргі таңда сахна деңгейі төмендеп, өнер сапасы құлдырап жатыр. Ол халық арасында танымал болып жүрген кейбір әндердің мағынасыз әрі мазмұнсыз екенін атап өтті.

Жеңіл әңгіме айтқым келмейді. Мәдениет саласында, өнерде мен күйіп кететін нәрсе көп. Қазір аузына келген сөзбен ән жаза беретін әншісымақтар қаптап кетті. Сапасыз әншілерден, сапасыз ән туады. Оларға ешқандай шектеу болып жатқан жоқ, сәйкесінше ойына келгенді жазады. Әннің сөзі әуенмен бірге төгіліп, поэзия секілді құйылып тұруы керек. Біз - композитор, ақын, әнші деген үш тағанды жоғалтып алдық. Баяғыда ән осы үш тағанның уысынан шығып, сәтті екенін дәлелдейтін. Қазір бәрі майдаланып барады, деп ашуланды Саят Медеуов. 

Өнер иесі мәдениетті құртып жатқандарға айыппұл салу керек деп отыр.

Болмайтын ән айтатын болмайтын әншілер көп. Бәрі демеймін. Арасында жақсы әншілер де бар. Бірақ сондай болмайтын ән айтатындарға айыппұл салу керек. Заңмен шектеп, олардың еркін көсілуіне жол бермеуіміз керек. Ақыры бәріне айыппұл салып жатырмыз ғой. Көлікті 5 минуттан артық қыздырғанға да айыппұл салып жатырмыз ғой, одан да өнерді ластап, мәдениетті құртып жатқан әнші сымақтарға айыппұл салғанымыз абзал, деді әнші. 

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

27.03.2025

Homay әнімен танылған башқұрттың Ay Yola тобы туралы не белгілі?

26.03.2025

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

26.03.2025

Самұрық қанатындағы сарын

26.03.2025

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

24.03.2025

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

23.03.2025
MalimBlocks
Мейрамбек Бесбаев жаңа бағытқа бет бұрмақ

Өнер иесі оқырмандарынан кеңес сұрады

Homay әнімен танылған башқұрттың Ay Yola тобы туралы не белгілі?

Әп-сәтте хитке айналған Ay Yola тобының тарихы қандай? Топ қашан құрылды? Жаңа альбомға қандай аңыз арқау болды? Malim.kz тілшісі шолу жасады. 

Бүркіт 88 жасқа толған әкесінің туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Ол жақын адамдарын қонақ еткен.

Самұрық қанатындағы сарын

Бұл әннің мағынасы қандай? Оның тез таралуына не әсер етті?

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде башқұрттың Ay Yola тобының Homay әні тарап жатыр. Бұл ән бір күнде хитке айналып, қазақстандықтардың көңілінен шықты

Криштиану Роналду қашан үйленетінін тұспалдап айтты

Әлемге әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеспен үйлену мерзімі туралы ой бөлісті