«Ондай күйеулер өзгермейді». Меруерт Түсіпбаева қыздарға кеңес берді

Меруерт Түсіпбаева отбасылық зорлық-зомбылыққа шыдамау керектігін айтты.

Сабина Асқарқызы

  • 27.03.2025

Танымал әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева қоғамда күйеуінен қорлық көрген қыздарға кеңес берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі қоғамды дүр сілкіндірген 21 жастағы Ажардың өлімінен соң ойын ортаға салды.

Руслан Өтепбайдан тағы бір сұмдық жағдайды көрдім. Алматыда айдың күннің аманында Ажар деген әп-әдемі келіншек 6-қабаттан секіріп өлді. 12 мүшесі сау, ҚазҰУ- ды аяқтап, Абай атындағы ҚазПҰУ-да оқып жатқан еді. Артында Нұрдәулет деген баласы қалды. Бұл оқиға маған Мәскеуде оқып жүріп, қаза тапқан Томиристің оқиғасын еске салды. Анасы Жанна ханым талай қиындықты басынан кешсе де, ақыры Томпиды анау аты өшкір Муртузалидың лақтырып жібергенін дәлелдеп еді ғой.  Біз де дәлелдеуіміз керек! 19 жасында Нәдірбек деген есерсоққа күйеуге шығып, небәрі 21 жасында кішкентай баласын тастап 6-қабаттан неге секіреді?! Мүмкін емес. Ал кім сенеді?! деп жазды әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі қол көтеретін жігіттерден қашу керегін айтты. 

Сіздерден өтінерім, қыздар?! Жүріп жүргенде жігіттің бәрі сыпайы, үйленгеннен соң концерт қоя бастайды. Бір минут та шыдамаңыздар, ондай күйеулер өзгермейді. Қолын бір рет көтерген ез сорақылығын жалғастырады. Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға қамалды. Қанышерге сондай жаза берсін! Бұл трагедияны резонанс жасап, тарату керек, деді ол. 

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Байланысты жаналықтар

«Жабайылық»: Меруерт Түсіпбаева аяғын уқалатқан имамды сынады

14.03.2025

«Барлық әнім cол туралы болды». Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты жаңалықты айтты

20.12.2024

«Жүрегім де, басым да бос»: Меруерт Түсіпбаева күйеуге шыққысы келетінін айтты

17.12.2024

Халық әртісі атағын алған Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваны қуантты

31.10.2024

Меруерт Түсіпбаева: Марқұмның құпиясын ақтару - көргенсіздік

09.10.2024

"Психологқа барып, емделдім": Меруерт Түсіпбаева сырын айтты

17.09.2024
MalimBlocks
«Жабайылық»: Меруерт Түсіпбаева аяғын уқалатқан имамды сынады

Әнші балаларға білім беруге ұмтылу керек деп санайды.

«Барлық әнім cол туралы болды». Меруерт Түсіпбаева жеке өміріне қатысты жаңалықты айтты

Ол сүйіктісімен айырылысқан.

«Жүрегім де, басым да бос»: Меруерт Түсіпбаева күйеуге шыққысы келетінін айтты

Өнер иесі бұған дейін де мұндай қалауы бар екенін айтқан еді

Халық әртісі атағын алған Лидия Кәденова Меруерт Түсіпбаеваны қуантты

Халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваға сырғасын сыйлаған

Меруерт Түсіпбаева: Марқұмның құпиясын ақтару - көргенсіздік

Өнер иесі барша әріптестеріне үндеу жасады

"Психологқа барып, емделдім": Меруерт Түсіпбаева сырын айтты