«Ұзақ өмір сүрмейді». Жұлдызды жұп ұлының ауыр дерті туралы айтты

Дәрігерлер бұл ауру «емделмейді» деп айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 10.01.2025

Танымал актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманова Жанар Байсемізге сұхбат беріп, дәрігерлердің «жазылмайды, емделмейді» деген ұлының сырқаты туралы айтып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жұлдызды жұптың сөзінше, ұлы емханада екпе алған соң тромбоцитопения деген жазылмайтын дертке шалдыққан. Тіпті мұндай диагнозбен баланың ұзақ өмір сүрмейтіні де айтылған.

Театрға жаңадан кірген кезім еді. Мансап қудық, жұмысбасты болып кеттік. Қойылымдар көп болды. Ауруханадан мейіргер күнде хабарласып, балаға «екпе жасатыңдар» дейді. Сол кезде бала ауырып тұрған соң екпені кейінге қалдырып жүрдік. Бірде балам апасымен қалғанда домофоннан қоңырау түскен. Апасы «шақырып жатыр, не істеймін» деп маған хабарласты. Мен жұмыста жүріп, «салдыра салыңыз» дей салдым. Кешке келсем, баламның екпесі ісіп кеткен, аяғын баса алмай отыр екен. Дәрігерер баланы тексермеген екен. Бізге «тромбоцитопения – жазылмайтын ауру, бала ұзақ өмір сүрмейді» деп айтты. Бірақ әлемде осындай дерті бар адамдардың 3%-ы ғана өмір сүріп кетеді екен. Олар үнемі гормон салып жүруге мәжбүр. Біздің баламыз да гормон алды. 3 жастағы баламыз толып кетті. Шөп дәрі ішті, емшілерге бардық. Кейін медицина да көмектесе алмайтынын көрдім. Сонда ішкі дауыс «Құдай ғана көмектесе алады» деді, деп ағынан жарылды актриса Жанаргүл Жаныаманова.

Өнер иесі бұл сынақтың өмірде көп нәрсе үйреткенін алға тартты. Тіпті көз тиді деп ойлап, өнермен қош айтыспақ та болған. Қиын-қыстау уақытта күйеуінің қолдауы ерекше болғанын да жеткізді.

Көп кітап оқыдық, бір-бірімізді біле бастадық, ішкі жан дүниемізді түсіндік. Рүстем қолымда баладағы ауруды тартып алатын магнит болса деп армандаса, мен жолдан барлық ауруды жазатын бір дәрі тауып алсам деп ойлайтынмын. Содан біраз дәрумендер іштік, емшілерге, қасиетті жерлерге бардық, өзімізді зерттедік, Құдаймен сырластық. Оның қайсысы көмектескенін білмеймін. Қазір баламыз аман-есен, ауруынан жазылды. Сол кезде эмоциялық жағынан тұрақсыз болдым. Түрлі ойлар келді. Тіпті мүлдем сахнаға шықпауым керек шығар деген ой болды. Маған тиген көз балаға өтіп кетті ме деп ойлап, өзімді кінәладым. Хиджаб, никаб киіп кете жаздаған кездерім болды. Сонда Рүстем «барлығын істе, оқы, біл, бірақ олай істеме» деді. Сол сөзі үшін рахмет айтамын. Не істесем де Рүстем мені жан-жақты қолдады. Баламыз жазылғанда бәріне WhatsApp арқылы анализдерін жібердім. Оны көріп анам: «Көз тиеді, тыныш отыр» деп тыйғаны бар, дейді ол.

Фото: instagram.com/zhanyamanov_rustem

Байланысты жаналықтар

«Киноға түскім келмейді». Рүстем Жаныаманов өнерден кететінін айтты

10.01.2025

«Қайтару мүмкін емес»: Танымал актер жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

23.05.2024
MalimBlocks
«Киноға түскім келмейді». Рүстем Жаныаманов өнерден кететінін айтты

Актер көпшілікке «Келінжан» сериалы арқылы танылған.

«Қайтару мүмкін емес»: Танымал актер жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

Кейінге қалған істің қызығы кетіп қалады...