2 айға 20 миллион: Семей әкімдігі сюжетті қатты бағалайды

Malim Админ

  • 12.05.2021

Семей әкімдігі қаланың дамуы, президенттің жолдауы мен тәуелсіздіктің 30 жылдығын насихаттау үшін 20 миллион теңге жұмсамақ.

Сәуірдің 29-ы күні мемлекеттік сатып алулар порталында №5794833-1 хабарландыру ілінді. Онда Семей әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Семей қаласының дамуының басым бағыттарын электрондық бұқаралық ақпараттық құралы арқылы ақпараттық сүйемелдеу (қазақ және орыс тілдерінде) үшін бюджеттен 20 089 285,71 теңгеге тендер ойнатқаны көрсетілген.

Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекшелігі жөніндегі хаттамада жеңімпаз Семей қаласының дамуы, президент жолдауы, «Рухани жаңғыру», Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, «Нұрлы Жер» жөнінде бейнесюжет, роликтер дайындауы тиіс делінген.

Тендерге жалғыз «Қазақстан» АҚ Республикалық телерадиокорпорациясы қатысқан және жеңімпаз атанған. Келісімшат «тікелей бір көзден сатып алу» бойынша жүзеге асырылған.

Бір қызығы, қызмет көрсету мерзімі келісімшартқа қол қойған уақыттан бастап 2021 жылдың 30 маусымына дейін делінген. Яғни 20 миллион теңгені өнім беруші тарап айналдырған бір жарым, екі айдың ішінде игеруі тиіс.

Байланысты жаналықтар

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

25.04.2025

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

23.04.2025

Семейде итті шынжырға асып қойған қаскөйдің жеке басы анықталды

21.04.2025
MalimBlocks
«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Семейде итті шынжырға асып қойған қаскөйдің жеке басы анықталды

Семейлік полицейлер итті асып қойып өлтірген қаскөйдің жеке басын анықтады