33 миллионға ПТР-тесттерді сатпақ болғандар ұсталды

Коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тесттерді заңсыз сатпақ болған алматылықтар ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz cайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.
"7 шілдеде ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қалалық ІІД және МКД қызметкерлерімен бірлесіп, медициналық ПЦР-тесттерді (COVID-19) кәсіпкерлік қызметке рұқсат беретін құжаттарсыз сатуды ұйымдастырған адамдарды ұстады.
Ұсталғандар жалпы сомасы 32 900 000 теңге болатын жеті мың ПЦР-тестін заңсыз жүзеге асырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік анықталып, ҚХР шығарған 2 225 ПЦР-тест тәркіленді", - деді Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз
Қызмет көрсету саласы қызметкерлері, өнеркәсіп пен өзге де қызметкер саны жиырмадан асатын ұжымдар вакцина алудан бас тартқан жағдайда апта сайын ПТР тапсыруға міндеттеледі. Бұл туралы бүгін брифингіде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.