Алматылық құтқарушылар биыл 800 рейд жүргізді

От пен суды тілсіз жау деп атайтын қоғам осы жаудан қорғану үшін ең алдымен қауіпсіздік мәселелеріне баса мән беруге міндетті. Әйтпесе, шомылу маусымы басталғаннан-ақ суға кетіп қаза тауыпты деген хабарлар қоса шыға бастайды. Осыны болдырмас үшін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты департаменттер мен бөлімдер жыл сайын әр түрлі іс-шара өткізіп жатады. Бірақ, шомылу маусымы кезінде негізгі күш пен жауапкершілік құтқарушыларға түсетіні тағы белгілі.
Айталық, алматылық құтқарушылар соңғы үш жылда 64 адамды құтқарып қалған. Бұл 64 адамның тең жартысына жуығы, яғни, 30-ы жас бала. Яғни, суға кетіп бара жатқан жерінен шығарып алып, өміріне араша болған. Ал биыл 10 адамды құтқарған, оның төртеуі бала. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, подполковник Исхар Савазов қауіпсіздік ережелерін сақтасақ, мұндай қиындық тумас еді дейді. Оның айтуынша қазіргі уақытта, яғни, жаздың аяқталып, күздің басталар шағында суға түсу қауіпті күшейте түседі. Өйткені, ауа температурасының төмендеуіне байланысты суға шомылу кезінде "адам ағзасының салқындауы суда жазатайым оқиғаларға, сіңірдің тартылуына алып соғуы мүмкін».
Подполковник Савазов сөзіне дәлел ретінде 23 тамыз күні Алматының дәл ортасындағы Сайран көлінде болған оқиғаны мысалға келтірді. Оның айтуына қарағанда, 14 жастағы бала суға шомылып жүріп, денесі құрысып қалған. Одан ары қарай адамда суға қарсылық көрсетер мүмкіндік қалмайтыны түсінікті, батып бюара жатқан дерінен құтқарушылар жедел қимылдап, жасөспірімді құтқарып қалған. Бұл жерде бір мәселені ескеру керек, бұл көл шомылуға рұқсат етілген аймақ есептеледі. Әрине, барлық жағалауы емес, белгілі бір бөлігі. Жасөспірім сол рұқсат етілген аймақта суға батқандықтан, құтқарушылар дер кезінде көмекке келіп үлгерген.
Ал, жағдай «бейімделмеген және жабайы жағажайларға» жататын жағалаулардың бірінде болғанда оқиға мүлде басқаша өрбуі де мүмкін еді. Маусым бастала салысымен тиісті орынның жауапты мамандары «суға түсуге болмайтын» жерлерге тыйым салу белгілерін орнатумен болады. Маусым бастала салғанда осындай қатерлі жерлерге 66 тыйым салу белгілері орнатылған. Қазір де ақуіпсіздік мақсатында күн сайын рейд жүргізіледі. Оған тек департамент өкілдері мен қызметкерлері ғана емес, жергілікті полиция қызметкерлері, ҚР ҰҰ 5571 әскери бөлімі, Қызыл Жарты Ай қоғамы, еріктілер ұйымының әскери қызметшілері атсалысып келеді. Бұл қауіпсіздік шараларының қоғамдық деңгейде жүре бастағанының бір кқрінісі деуге болады. Алдағы уақытта құтқарушылар осы тәжірибені одан ары дамыта түсуге тиіс.
Мұндай рейдтердің кезінде балаларды қараусыз қалдыру немесе заңды өкілдерсіз суға шомылуға жіберу, ішімдік ішу сияқты мәселелердің ең басты қатерге ұрындыратын фактор екенін түсіндіреді. Күніне бір емес, бірнеше бригада бірлескен рейд өткізетінін ескерсек, биылғы маусымның өзінде 800-ден астам бірлескен рейд ұйымдастырылып, 8 мыңға жуық түсіндірме парақшалары таратылған. Қоғамдық орында ішімдік ішу бойынша 34 ереже бұзушылық анықталып, олар ікімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 495 890 теңге айыппұл салынған. Одан бөлек суға түсу ережелерін бұзған 7 адам жауапқа тартылған.
Қазіргі уақытта құтқарушылардың бас ауруына айналып тұрған негізгі мәселе – жабайы жағажайлар, яғни, суға түсуге болмайтын жерлерде суға түсетіндердің әрекеті. Сондықтан, қала тұрғындар мен қонақтары арнайы рұқсат берілген орындарда, қалқандар мен қоршаулардан аспай шомылуға жауапкершілікпен қарауға тиіс.
«Егер сіз жүзе алмайтын болсаңыз, рұқсат етілген жерде шомылсаңыз да, белден жоғары суға кірмеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, шомылу кезінде бір-біріне қараңыз. Қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз, ұзақ уақыт жүзбеңіз, тоңып және шаршап қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, түнгі уақытта және мас күйде шомылу қауіпті», - дейді Исхар Савазов.
Былай қарағанда, бір жазғы маусымда 800 рейд жүргізу - оңай шаруа емес. Бұған қоғамдық ұйымдар мен еріктілердің де ат салысуы көңілге қуаншы ұялатады. Алдағы уақытта жалпы қоғам қауіпсіздік мәселесін өздері ойлайтын деңгейге жетсе, бұл тараптағы жағымсыз жаңалықтар азая түседі деп сенуге болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.