Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

24 қараша ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Экология
24 қараша ауа райы қандай болатыны белгілі болды
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» 24 қараша күні Қазақстан аумағындағы ауа райына қатысты болжамын жариялады. Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа райы тұрақсыз болып, әртүрлі сипаттағы жауын-шашын түседі.

Солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын — жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі.

Ауа райының қолайсыз белгілері бірнеше өңірді қамтиды: солтүстік, шығыс, орталықта — төмен қоғалды боран, солтүстік пен шығыста — көктайғақ, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс аймақтарда — жел күшейеді.

Мұндай жағдайда автожүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, жолда ерекше сақ болу ұсынылады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде ауа райы салыстырмалы түрде тыныш, жауын-шашынсыз, бірақ тұман түсетін аймақтар бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу