Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

23 қарашада бірнеше өңірде боран соғады

Экология
23 қарашада бірнеше өңірде боран соғады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде күн райы құбылып, жауын-шашын мен тұман болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік өңірлерде және күндіз орталық Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ боран соғатыны болжанып отыр.

Солтүстік пен шығыста көктайғақ күтіледі.

Жолдарда мұз қату ықтималдығы жоғары болғандықтан, мамандар жүргізушілерге барынша сақ болуды ескертеді.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Алайда республиканың әртүрлі өңірлерінде тұман түсіп, көріну қашықтығы едәуір төмендеуі мүмкін.

23 қараша күні желдің екпіні солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, оңтүстікте күшейеді деп күтіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу