freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылық құтқарушылар өртенген үйден 57 жастағы тұрғынды алып шықты

Сұқбат •
Алматылық құтқарушылар өртенген үйден 57 жастағы тұрғынды алып шықты

Алматылық құтқарушылар Медеу ауданындағы жанып жатқан үйден 57 жастағы ер адамды аман алып шықты.

6 наурыз күні кешкі сағат 18.58-де Алматыда жеке тұрғын үй өртенді. Өрт кейін көршілес 2 қабатты жеке тұрғын үйдің шатырына таралған.

Өрт 20.02-де толығымен сөндірілді. Оқиға орнынан 1967 жылғы ер адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Тілсіз жауды сөндіру жұмыстарына Алматы қаласындағы ТЖД-ның 20 адамы және 5 техника жұмылдырылды.

Фото: ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу