Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ індетін жұқтырды

Сұқбат
Алматының орталық ауруханасында науқастар ВИЧ індетін жұқтырды

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник бір сөзінде ВИЧ жұқтырған бес жағдай туралы ақпаратты растады. Ол эпидемиологиялық тексеру жүріп жатқанын, содан кейін науқастардың нақты қалай жұқтырғаны белгілі болатынын айтты.

Орталық қалалық клиникалық ауруханада ВИЧ індетін жұқтырғандар туралы ақпаратты Алматы денсаулық сақтау басқармасы да растап отыр. Бірақ бес емес үш жағдай деп хабарлады.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары мен Алматы қалалық СПИД орталығы қызметкерлерінің төрағалық етуімен ВИЧ індетінің таралу көздерін тексеру үшін комиссия құрылды. Комиссия донорларды, медицина қызметкерлерін және науқастармен байланыста болған адамдарды тексерді, бірақ олардың барлығы сау болып шыққан. Комиссия қорытындысы Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. Олар Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарымен бірге Орталық клиникалық аурухананы жоспардан тыс тексеруді бастады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу