Алтай Көлгінов елорда экологиясын қалай жақсарту керегін айтты

Malim Админ

  • 10.02.2021

Астана әкімдігі қала экологиясын жақсарту бойынша шараларға үлкен назар аударып келеді. Жұмыстар бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Олар -  қаланы ауқымды көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, газдандыру, тасымалға электроавтобустарды жіберу, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және т.б. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына есеп беру кездесуінде айтты.

«Биыл тартымды орындар мен жасыл аумақтар одан әрі көбейеді. Экологияны жақсарту және қалалықтардың тиімді уақыт өткізуі үшін қолайлы орындар ашу мақсатында, Нұр-Сұлтанды ауқымды көгалдандыру бойынша іс-әрекеттерді жалғастырамыз. Педагогтар, дәрігерлер мен құтқарушыларымыздың құрметіне аталатын тақырыптық скверлер мен саябақтар ашып, абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер, бульварлар) тал егуді жалғастырумен қатар, Қазақ елі алаңында, Бейбітшілік және келісім сарайы, Оқушылар сарайы, вокзал, әуежай, СОСО, тұрақ кеңістіктері мен т.б. аумақтарда ағаш отырғызуды көздеп отырмыз. Бұған қоса, «Астана Балет» маңындағы аумақта жасыл бақ, «Астана Опера» аумағында емен бағын, ал Триатлон-саябақта сирень бағын жасауды жоспарлап отырмыз. Қала жаңа түстерге енеді. Елорданың әрбір ауданын көгалдандырамыз. Елбасы бір сұхбатында атап өткендей, астананың бас жоспары ғимараттар, жасыл желек пен орман симбиозы ретінде жасалған. Осы тақырыпты ұстанамыз», - деді Алтай Көлгінов.

Аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру кезінде учаскелерді көгалдандыруға да назар аударылады. Абаттандыру, қалалықтардың демалысы үшін жағдай жасау ғана емес, қалада тазалық сақтау да маңызды. Осылайша, астанада қоқысты қайта өңдеу зауыты жаңғыртылып жатыр, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жалғасуда. Ол үшін қала бойынша контейнерлер орнатылған.

Линияға 100 электроавтобус шықты. Олардың қоршаған ортаға залалы жоқ, зиянды қалдықтар бөлмейді. Осындай тағы 100 экоавтобус шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ қала экологиясын біршама жақсартуға елорданы газдандыру да көмектеседі. Мәселен, биылғы жылыту маусымында газға көшу мүмкіндігін Теміржол, Көктал-2 тұрғын алаптарының тұрғындары, Агроқалашықтың бір бөлігі иеленді. Бұған қоса, қазір Көктал-1, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарында құрылыс-монтаж жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Фото: Александр Куприенко

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін