«AMANAT»: ОРАЛДАҒЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ САУДА ҮЙІНДЕ ҮНПАРАҚ ТАРАТТЫ

  • 11.03.2023

 

 «AMANAT» саяси ұйымының БҚО-дағы сайлауалды штабы жетекшісі Мұрат Мұқаев және партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидат Гүлмира Батпақұлова Оралдағы «Форум» сауда үйіне барып, саудагерлер мен тұтынушыларға үгіт-насихат жүргізді.

Мереке қарсаңында сауда нысанында тұрғындардың қарасы қалың болды. Штаб мүшелері олардың әрқайсысына үнпарақтар таратып, саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. Штаб жетекшісі мен кандидат жұртшылықтың бірқатар сауалына жауап берді. Мәселен, бұралқы иттердің көбейіп кетуі көпшілікті алаңдатып отыр.

– Иттерді атуға тыйым салынған, әрине. Алайда қауіп төндірсе, тиісті шаралар қолдануға рұқсат берілген. Ол үшін алдымен ветстанцияларға арыз жазу қажет. Ондағы мамандар иттерді аулап, биозалалсыздандырады немесе көзін жояды. Партия алдағы уақытта үй жануарларын асырайтын адамдардың жауапкершілігін арттыруды көздеп отыр. Ол үшін әрбір ит-мысыққа чип тағылады, – деді кандидат Гүлмира Батпақұлова.

            Тұрғындар құқық қорғау органдарының қызметін оңтайландыруды сұрады. Әсіресе, бейнебақылау камераларын көбірек орнату қажеттігін алға тартты. Партия қоғамдық тәртіпті қадағалау жұмысына мән береді. Сайлауалды бесжылдық бағдарлама шеңберінде облыста 5 учаскелік полиция пунктінің құрылысын жүргізу жоспарланған. Полиция қызметкерлері қосымша 225 мобильді планшетпен қамтамасыз етіледі. «Интелектуалды тоғыс» құқықбұзушылықты анықтаудың 20 автоматты жүйесін сатып алу да жоспарда.

            – 650 бейнебақылау камерасы орнатылады. Жыл сайын кемінде 13 патрульдік полиция көлігі сатып алынып тұрады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полиция қызметкерлеріне барынша қолайлы жағдай жасалады, – деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар штаб мүшелері тұрғындарға сайлау учаскелері және сайлау құқықтары туралы кеңес берді. «Саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды, сондықтан ел келешегіне бейжай қарамай, сайлауға келіңіздер! «AMANAT» партиясына сенім артыңыздар!» деді штаб шетекшісі Мұрат Мұқаев.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.