"AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ

  • 15.03.2023

 

Бүгін "AMANAT” партиясы Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері Созақ ауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап өтсек, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қалыйма Жантөреева бастаған Мағауия Сексенбайұлы, Бегімбет Байғараев, Ернар Сағындық, Ербол Ержігіт сынды штаб мүшелері аудан орталығындағы "Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам" орталығында болып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, тұрғындар мен ардагерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

- "AMANAT” партиясының басты мақсаты - халықтың әлеуметтік жағдайын дұрыстау. Сонымен қатар, әділетті қоғам құруға күш салып, азаматтардың құқығын қорғау. Әрине, алдағы сайлауда әр адам қай партияға дауыс беретінін өзі біледі. Дегенмен, еліміздегі барлық мәселені қамтып, 10 бағыттан тұратын ауқымды бағдарлама түзген "AMANAT” партиясына сенім білдірсеңіздер, халықтың жағдайын жасауға барынша атсалысатын боламыз, - деді кездесуде алғаш болып сөз алған Қалыйма Жантөреқызы.

Өз кезегінде, жиынға қатысқан созақтықтар мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету саласына қатысты сауалдарына жауап алып, қоғамды дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кездесу соңында штаб мүшелері тұрғындарды сайлауға белсене атсалысып, 19 наурызда "AMANAT” партиясын қолдауға шақырды.

Айта кетсек, аталған орталық аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер үшін түрлі емдік шараларды ұсынып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік беріп келеді.              

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін