Апатты күнде құтқарушылар қалай жұмыс істеді?

Алматыда 29 наурыз күні ауа райы күрт құбылып, қатты жел тұрып, қарқынды жаңбыр жауып, құтқарушылардың жұмысы көбейді.

Ақниет Аманжолқызы

  • 30.03.2022

Қала бойынша "112" құтқару желісіне ағаштардың құлауы, ғимараттар шатырларының бұзылуы бойынша  43  хабарламалар  және жеке тұрғын үйлердің аулаларын  су басуының  бойынша 2 хабарлама келіп түскен.   

Қалалық жедел жәрдем қызметі ауа райы салдарынан зардап шеккен 2 ересек ер адамды ауруханаға жеткізген. Жеңіл жарақат алғандықтан, ауруханадағы тексерістен кейін үйлеріне қайтқан.

Тұрғындарға көліктерін ағаштар астына тастамау туралы тағы бір рет өтініш жасалды. Себебі апатты күні 25 ағаш көліктер үстіне құлаған. Одан бөлек, жалпы 13 жеке тұрғын үйлердің, көп қабатты тұрғын үйлердің және әкімшілік ғимараттардың шатыры бұзылған. Бұл жағдайлардың басым бөлігі Жетісу және Алмалы аудандарында болған. Қалада троллейбус желісі үзіліп, бірнеше тұрғын үйдің қасбеті түсіп, автотұрақ қоршаулары бұзылған.

Ауа райының осы қолайсыз кезеңінде қалалық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, түнгі сағат 3-ке дейін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Жалпы алғанда табиғи сипаттағы зардаптарды жоюға төтенше жағдайлар департаментінен 27 қызметкер, 11 бірлік техника, 3 мотопомпа және 109 құтқару қызметінен 127 адам және 57 бірлік техника жұмылдырылған. Олар ағаштарды кесіп, жол бойынан алып тастап, су басқан үйлерден адамдарды құтқарып, бұзылған электр желілерін қалпына келтірген.

Айта кетейік,  28 наурыз күні "Қазгидромет" Алматы қаласында дауылды алдын ала ескерту жасап, 29 наурызда күндіз, 30 наурызда түнде қатты жауын-шашын күтілетінін хабарлаған еді.

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі