Ақтауда «МАЭК» жұмысшылары еңбекақы өсіруді сұрап Тоқаевқа үндеу жолдады

Еңбекақы он жылдан бері қанағаттандыратындай деңгейге көтерілмеген

Malim Админ

  • 15.04.2023

Маңғыстау облысындағы энергия өндіруші ірі компания “МАЭК” ЖШС-нің қызметкерлері еңбекақыларын өсіруді сұрап отыр. Олар бірнеше жылдан бері компания басшылығынан әлеуметтік жағдайға көңіл бөлуді талап етсе де, мәселе әлі күнге дейін елеусіз қалып келеді. “Бар болғаны 160 мың еңбекақы алып жүрміз” деген олар президент Қ.Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Н.Ноғаевқа өтініштерін топ болып жеткізді.  


“МАЭК” ЖШС жұмысшыларының айтуына қарағанда, іштегі жағдай қиындаған сыңайлы. Себебі, құрылғылардың 80 пайызының тозығы жетіп, жұмыс істеу қауіпті деңгейге жетсе керек.  

“Бүгінде мекеменің жағдайы өте төмен. Құрылғылары мен қондырғылары бірнеше жылдан бері ауыстырылмай, сапалы күрделі жөндеу көрмей, апатты жағдайда тұр. Мекеменің апатты жағдайға жетуі жауапкершілік пен адамгершіліктен жұрдай басшылардың немқұрайлы әрекеттерінен болып отыр. Жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде. 80 пайыз тозығы жеткен құрылғылар мен қондығылармен жұмыс істеуге мәжбүрміз. Әрі жұмыс орны санитарлық талапқа сай емес”, - дейді олар.

Жұмыс кезінде киетін киімнің нашар екенін жеткізген жұмысшылар “күн сайын өміріміз бен денсаулығымызды қауіпке тігіп жүрміз” деп мәселені төтесінен жеткізді.

“Мекеме жұмысшылары Ақтау қаласы, Маңғыстау облысын жарық, су, жылумен үздіксіз қамтамыз етіп отыр. Алайда еңбекақы он жылдан бері қанағаттандыратындай деңгейге көтерілмеді. Орташа айлық еңбекақы 160 мың теңге болса, басшылар айы сайын 1,5 миллион теңге алады. Әлеуметтік жағдайы төмен жұмысшылар еңбекақыны көтеруді сұраған сайын басшылық “ол үшін тариф бағасын көтеру керек” деп айтады. Бірақ жылда тариф бағасы өссе де, жұмысшылардың еңбекақысы баяғы қалпында”, - дейді мекеме жұмысшылары.

Осылай деген жұмысшылардың алда еңбекақысының қаншалықты өсетіні белгісіз. Олар еңбек ететін мекеме сәуір айының басынан бері Ақтау қаласы бойынша жылу беруді тоқтатқан.

Өткен жылдың соңында “МАЭК” ЖШС-де болған апаттан кейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аталған мекемеге өзі Атырау өңірін басқарғанда орынбасары болған Жасұлан Сүйіншалиевті тағайындаған еді.

Байланысты жаналықтар

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025
MalimBlocks
Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды