Астанаға көшіп келушілерге шектеу қойыла ма? Әкім жауап берді. 

Миграциялық жағдайға байланысты шешім қабылданады

Malim Админ

  • 10.04.2023

Кейінгі уақытта Астана халқының тым көбейіп кеткендігі мәселе ретінде жиі көтеріледі.  Азаматтар арасында құрылысты тоқтату, көшіп келушілерді шектеу жөнінде көп айтыла бастады. Көпшілікті толғандырған бұл сұраққа қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business арнасына берген сұхбатында жауап берді.        

Әкімнің айтуынша, құрылысы басталған нысандар  11 млн шаршы метрге жеткен. Биылғы жоспар бойынша 3,5 млн шаршы метрі қолданысқа берілмек. Келесі жылы да осы көлемде тапсырылады.

«Әрі қарай миграциялық жағдайға байланысты шешім қабылдаймыз. Қаладағы халық саны өссе құрылыс жалғасады. Бірақ біз ешқандай да шектеу қоймаймыз.  Ауылдан көшіп келген азаматтар тұрақты, айлығы жоғары жұмыс орнын, балаларын жақсы мектепке, университетке оқытқысы келеді. Сондықтан, жыл сайын 40 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Әкімшілік 14 мектеп салып жатырмыз. Оның 11-і биыл іске қосылады. Жекеменшік мектептер де бой көтеруде. Биыл елордада тағы 24 мектептің құрылысы басталады. 2-3 жыл көлемінде 40 мектеп саламыз»,-дейді Жеңіс Қасымбек. 

Қала әкімінің мәліметінше, бұл 100 мың орындық білім мекемелерін қалыптастырады. «Жыл сайын мектептерге 25 мың шамасында оқушы келеді. Олардың саны өсіп жатыр. Сондықтан, кем дегенде 10 мектеп салуға тиіспіз», -деді ол.     

Байланысты жаналықтар

Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

19.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Астанадағы циркте гимнаст қыз биіктен құлады

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды