Автобустар, ауыз су, аулалар: тұрғындар Астана әкімімен кездесуде не сұрады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Теміржолшылар елді мекенінің тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

  • 03.03.2023

«Қаланың аудандары мен елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуді ары қарай жалғастырамын. Әрбір елді мекеннің өзіне тән күрделі әрі жүйелі проблемалары бар. «Теміржолшылар» елді мекенінің тұрғындарымен кездестім. Олар бірқатар мәселені қозғады: электр, сумен жабдықтау, кәріз, жолдар мен тротуарлар салу, қосымша маршруттарды іске қосу, интернет және т.б. Негізгі мәселелерге тоқталып өтейін.

Электр энергиясы - бұл елді мекеннің негізгі мәселелерінің бірі. Осыған дейін Қазбек қосалқы станциясы бойынша жұмыс басталған болатын. Біз жобаға енгізілетін түзетуді жазда аяқтап, келесі жылы қосалқы электр станциясының құрылысын толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Су қысымы бойынша - халықтың өсімін ескерер болсақ, қалада қосымша су көлеміне қажеттілік бар. Жаңа ауыз су станциясының құрылысы қазір аяқталу сатысында тұр, мамыр айында іске қосылады, ал ССС-3 тамыз айына дейін толық қуатта жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Осылайша, су мәселесі тек елді мекенде ғана емес, бүкіл қала бойынша шешіледі.

Сол сияқты аясы тар медицина мамандарын тарту жайы көтерілді, бұл мәселені пысықтап жатырмыз. Бұдан бөлек биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Оның базасында спорттық және шығармашылық үйірмелер ашылады.

Сонымен қатар жазда кезең-кезеңімен жаңа автобустар жеткізіле бастайды. Биыл 500-ге тарта автобус (оның ішінде жеке инвесторларды жұмылдыру ескеріледі) жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындар үшін автобустардың күту уақытын қысқартуға, олардың желідегі санын арттыруға, жаңа маршруттарды іске қосуға және т.б. мүмкіндік береді.

Көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, оларды іске асыру уақыты туралы хабардар етеміз», - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Фото: елорда әкімдігінің ресми сайты

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: