Бекшин: Міндетті вакцинацияны қолдаймын

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде міндетті вакцинацияны қолдайтынын мәлімдеді.
"Өзгелерге вирус жұқтыруы мүмкін тәуекел топтарындағы адамдар үшін вакцинацияның міндетті болғанын қолдаймын. Біріншіден, сонда инфекцияның таралуын тоқтатып, вакцинация қарқынын арттыра аламыз", - деді Бекшин бүгін өткен онлайн брифингте.
Бекшин вакцина бірінші кезекте егілетін тәуелкел топтарына медицина қызметкерлері, ұстаздар, полицейлер, медициналық-әлеуметтік мекеме қызметкерлері кіретінін, енді ол топқа студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар да жатқызылғанын айтты.
Бекшин студенттер офлайн оқығысы келсе, оқытушылар мен студенттердің кемі 80 пайызы вакцина салынуы керектігін мәлімдеді.
"Балалардың онлайн оқып жатқанына екі жыл болды. Жаңа оқу жылында офлайн оқу үшін жасы 18-ден асқандардың бәріне вакцина егу керек. Жатақханаларда тұратын студенттерді де вакцинациялау керек, тек денсаулығына байланысты салдыра алмайтындарды босату керек. Сонда балаларды офлайн оқыта аламыз. Егер отбасында жасы 18-ден асқан адамдарға вакцина салынса, балалар еш шектеусіз офлайн режимде оқуы керек", - деді Бекшин.
Ресейде Мәскеу мен Мәскеу облысында жаппай вакцинация жүргізілетіні хабарланды. Жергілікті бас санитар дәрігерлер екі ай ішінде халықтың 60 пайызына вакцина егіледі дейді. Жандарбек Бекшин бұл дұрыс шара деп мәлімдеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.