Бір адамға бір бөлке - Украинада туыстары бар қазақстандықтар не дейді?

6 наурыз күні Алматыда Украинаға соғысқа қарсы өткізілген митингіге Украинадағы туыстарын қолдай келгендермен сөйлесіп көрдік.

Айшолпан КЕРІМ

  • 07.03.2022

6 наурыз күні Алматы тұрғындары Украинадағы соғысқа қарсы митингіге шықты. Наразылық шарасына мыңдаған адам жиналып, "Путин, кет", "Ресей, оян", "Тоқаев, сөйле", "Нет, войне"(“Соғысқа жоқ дейміз”), "Зұлым орыс империясына ажал! Әумин!", "Слава Украине", "Қазақ елі жасасын", "Қазақ елі - мәңгілік", "Путин - фашист", "ОДКБ-дан шығамыз", "Еуроазиялық одақтан шығамыз", "Қазақстан соғысқа қарсы", "Украина бостандығы - Қазақстан бостандығы" деп ұрандатты. Malim.kz тілшісі Украинадағы туыстарын қолдай келгендермен сөйлесіп көрді.

Мария Лобачеваның анасы - украин, әкесі - орыс. Украинада тұратын туыстары мен достары үшін алаңдаулы Лобачева бұл соғыста Украина әлдеқашан жеңіске жетіп қойды дейді.

– Соңғы рет Украинада 2019 жылы жазда болдым, қазір мен қыдырған көшелерден дымы қалмағанын көріп, жүрегім ауырады. Қаңтар аяғынан бері атыс болып жатқан аймақта тұратын азаматтармен кезінде көрші тұрдым, олардың бірі де Ресейге қосылуға ниетті емес екенін айтатын, бәрінің де қалауы сол бір бейбіт өмірдің сақталуы еді. “Біз - украиндармыз, осында тудық, осында өмір сүргіміз келеді”, дейтін, бәрі орысша сөйлейтін. Украинаның батысынан шығысына дейін сапар шегіп, Львов тұрғындарымен де тілдесіп көрдім. Білесіз бе, сол күндері мені орысша сөйлегенім үшін сынға алып, сөккен ешкім болған жоқ. Украин халқы - әлемдегі ең кең жүректі халық.

Мария Лобачева - Malim.kz

– Қазір достарыммен хабарласып тұрамын, үлгергендері Львов қаласына қашты. Львовқа кетіп үлгергеннің өзінде олар қауіпсіздікте деуге аузың бармайды. Бұл - адам сүйсінгендей батыр халық. Қаншама танысым отырған жерінен қозғалмастан, “Өлсек, өз жерімізде өлеміз” деп отыр. Менің ойымша, олар әлдеқашан жеңіске жетіп те қойды.

Қазір Қазақстан азаматы ретінде тек еліміз Ресейге ешқандай көмек көрсетпесе екен деймін. Азық-түлік жіберсе де, тіпті мұнай беріп, техника жібергенінің өзі - күллі әлемге қарсы соғыстың бөлшегі болды дегенді білдіреді. Ресейге көмектесуге болмайды, мүлдем!”

Раида Ришатовна митингіге жеті жасар немересін жетектей келген. Оның екі құдағиы Украинада тұратын көрінеді.

– Немерем Сашаның нағашы әжесі Валентина Викторқызы Украинада, Хмельницкий қаласында, екінші құдағиым Киев қаласында тұрады. Жағдай қиын, екі күннен бері жертөледе отыр екен, әзірге оларға оқ ата қоймапты. Оқты күтпей, аштан өліп кете ме деп қорқамын, бір адамға бір бөлкеден артық бермей жатқан көрінеді, бұл масқара ғой.

Раида Ришатовна Мәскеуде тұратын қызы Ильмира соғыс басталды деген хабардан соң бірден Алматыға жолға шыққан. 26 қаңтар күні ұлы Сашамен бірге Алматыға келген. Үшеуі бірге митингіге келіп, “Соғысқа қарсымыз!” деген ұрандатып тұр. Ильмира Ресей әрекетін геноцид деп есептейтінін айтады.

– Путин әскері балабақшалар, мектептер мен тұрғын үйлерге бомба тастап, адамдарды өлтіріп жатыр. Бұл - геноцид. Оның үстіне Ресейде тұратын әрбір азаматтың Украинада кемі бір туысы бар, демек бұл - Путиннің өз халқына жасаған геноциді. Путин Гитлерден әлдеқашан асып түсті. Мұның бәрін теледидардан бұрмалап, ұлтшылдар өзара атысып жатыр дегеніне халық құдайдай сеніп отырғанына таң қаламын.

Раида Ришатовна қызы Ильмира, немересі Сашамен - Malim.kz

Бірақ Путин Украинаны жоқ қыламын деп жүріп, халықты ерекше біріктіріп жібергенін білмей қалды. Қазіргі жағдайды білсеңіз ғой, халық ағылып вокзалдар мен жертөле, метрода тығылып отыр. Таң қаларлығы, осындай ауыр жағдайда дәрігерлер де тыным таппай еңбек етіп жатыр. Барлық қажеттіні сол жертөлелелерге көшіріп алып, медициналық көмек көрсетіп жатыр. Ал Путин дәл сол вокзалдарға шабуыл жасап әлек, бұл - жауыздық. Украина жерінде атыс дыбысының астында бірі өліп, бірі дүниеге келіп жатыр.

Құдағиымызбен митингіге шықпас бұрын да сөйлестік, кетпейтіндерін айтып, ұрысып та берді. Олар жеңетіндеріне сенімді. 

Алаңда Украина туын жамылып, бір қуанып, бір жылап украин тілінде видеожолдау түсіріп жүрген Евгенияға көзіміз түсе берді. 

– Киевтен көшіп келгеніме жеті жыл болды. Ата-анам, туған-туыстарым мен достарым бәрі Киевте. Байланысқа шығу күннен-күнге қиын болып барады. Бірақ олармен сөйлескен сайын қорқыныш емес, керісінше көңілім тынышталып қалады. Рас, алғашқы күндері жақындарым үшін қатты уайымдадым. Бірақ олар жеңетіндеріне сенімді. Барлық жақындарым, жасы мен өзге де мүмкіншіліктеріне қарамастан, көшеге шығып, елі үшін жан беруге дайын отыр.

Евгения - Malim.kz

Қазір Украина десе, көңілімді мақтаныш пен махаббат сезімі билейді. Әлемде тек бір украин тірі қалса да, бұл - Украинаның жеңісі деп білемін. Қазір Ресейге бізге қарсы қолданып отырған “ұлтшылдық” деген сөз украиндықтарды сипаттауға келмейді. Өз басым украин қызымын, отбасым кішкентайымнан “жаман ұлт болмайды” дегенді естіп өстім. Украинаның ақпарат алаңына шабуыл жасауға тырысып әлек болудың да керегі жоқ, себебі Украина бәрін өз көзімен көріп отыр. Алғашқылардың бірі болып, Ресейдің нысанына әпкемнің үйі түсті. Соғыс басталған соң екінші күні әпкем балалары атыс үнінен шошып оянғанын айтып, жылап қоңырау шалды. Бұл жағдайдағы ең өкініштісі - балалар тез есейіп кетті. Жиендерім қазір тоқтамастан жылай береді екен, енді олардың психологиялық тұрғыдан оңалып кетуі де екіталай. 

Митингіге украин азаматтармен туыстық қатынасы жоқ, Путинді айыптай келген мыңдаған адам жиналды. Журналист, құқық қорғаушы Андрей Свиридов қолдаудың осы түрі аса тиімді екенін айтады. 

Андрей Свиридов жолдасымен - Malim.kz

– Мораль тұрғысынан Қазақстан Ресейдің агрессиясын сынға алса, тамаша болар еді. БҰҰ-ң Ресейдің Украинаға қарсы әрекетін сынайтын резолюциясын қолдаса жақсы болар еді, бірақ ең құрығанда қолдамаймыз деп те айтпады, оған да шүкір. 

Тоқаев ештеңе істей алмаса да, қазақстандықтар Украинаны қолдай алады. Біз де украин емес, орыспыз, десе де барша украин азаматтарын бауырымыз деп білеміз.

Маған мінберден сөз берілсе, екі түрлі Ресей бар екенін айтар едім. Соғыс басталғалы Ресейдің өзінде соғысқа қарсылық білдіріп, қамауға алынған қанша азамат бар. Бір Ресей - Путин болса, екінші Ресей - сол соғысқа қарсы күресіп жүрген азаматтар және біз сол Ресеймен біргеміз.

Байланысты жаналықтар

Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

20.11.2024

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Қытай мен Ресей өзара кеңесті

13.11.2024

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

10.11.2024

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

07.11.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024
MalimBlocks
Депутаттар орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құру туралы заң жобасын талқылап жатыр

2022 жылдың қазан айында Тоқаев ТМД қамқорлығымен орыс тілін қолдау және ілгерілету ұйымын құруды ұсынған

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Қытай мен Ресей өзара кеңесті

Оның сөзінше, Ресей тарапы БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымдарының жарғыларындағы көп жақты келісімдерді бұлжытпай орындайды.

Путин Ресейдің ірі мұнай компанияларын өз қолына біріктірмек – шетелдік БАҚ

Қазір үш ірі компанияны біріктіру мәселесі талқыланып жатыр

Қазақстанға Ресей Президенті Путин келеді

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары 27 қарашаға жоспарланған

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін