"Бізге әр адамның өмірі қымбат"

Malim Админ

  • 09.07.2020

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының басқарма төрайымы Айгүл Соловьева Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне қатысты пікір білдірді.

"13 шілдені Президент Ұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Бұған халық тарапынан қажеттілік туындап отырған еді. Президентттің бұл мәселені көтеруі орынды болды. Екіншіден, Президент 5 шілдеден басталған әлеуметтік белсенділіктің азаюын қарастыратын локдаун туралы да айтып өтті. Әлем елдері бойынша талдау жасалып, ондағы Қазақстанның орны анықталды. Президент әлем бойынша коронавирус індетіне шалдыққандар 12 млн екенін айтты. Қазақстан салыстырмалы түрде шектен шыққандар қатарында емес, дегенмен де жағдай ушығып, дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып, алгоритм бұзылды. Бұл мәселемен құқық қорғау органдары айналысады деп ойлаймын", - деді ол. 

Соловьева айтып өткендей, бірінші ТЖ жарияланған кезде көп адамның өмірі сақталды.

"Алайда мемлекеттік органдар жіберген қателіктер мен оның салдарының жауапкершілігін де Президент атап өтті. Мемлекет басшысы жақын адамдарынан айырылғандарға көңіл айтты. Себебі, біздің жер көліміне шаққанда халық саны аса көп емес. Сондықтан да ол әрбір қазақстандықтың өмірі қымбат екенін айтты. Азаматтарды сабырға шақырып, дүрбелеңге түспеуге тартуы да дұрыс. Тоқаев жіберілген қателер бойынша реттеу жұмыстары жүргізілетінін айтып, қосымша дәрі -дәрмек пен ауруханалардағы орындардың көбейетінін айтты. Бұл - өте маңызды. Жағдайдың жақсаратынына үміт бар", - деді ол. 

Айгүл Соловьева бағалардың шамадан тыс көтерілуі бизнестің халыққа деген жауапкершілігін арттыратынын айтты.

Бұл жағдай бойынша да нақты шаралар қабылданып, дәрі-дәрмекке мұқтаж адамдарға тезірек көмек барады деп ойлаймын. Тапшылыққа көп назар аудара бермей, жағдайдың жақсаруына жұмыс істеу керек деп ойлаймын. Әрине, әрбір азаматтың өмірі қымбат. Қазір адамдарды аман сақтап қалу үшін жедел шараларды қабылдау керек. Ал Президент оның барлығын атап өтті, - деді ол.

Дереккөз: baq.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін