Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Чемпион шахматшылар жарыс көркін қыздырды

Сұқбат
Чемпион шахматшылар жарыс көркін қыздырды

 

Мүгедектігі бар адамдардың өмірі біз ойлағандай соншалық трагедиялы емес, олардың қоғам тарапынан мүсіркеушілікке ұшырамауы маңызды. Олардың өмірінде де жарқын, жеңісті сәттер аз болмайды. Олар да қоғамның бір мүшесі ретінде өзін көрсетуге, жеңіске жетуге, мықтылығын дәлелдеуге құқылы әрі ол қолынан келеді де.

Алматы қаласында сәуір айында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахматтан жарыс өтті. Атаулы жарысқа 50-ге жуық арнаулы мектеп-интернаттың оқушылары қатысты.

Алматы қаласында мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында ұйымдастырылған щахматтан жарыста қалалық біріншілік сайысына қатысты.

Жарысқа арнаулы мектеп-интернатынан келген оқушылармен қатар, студенттер, қала тұрғындары жас ерекшеліктері бойынша қатысып, мықтылар анықталды.

Спорт басқармасы «Италияда 2019 жылы болып өткен Сурдолимпиадалық ойындарда командалық есепте чемпион болған Амангелді Наурызғалиев, Самажан Кеттебеков, Дмитрий Мочальскийлер де ойынға қатысып, жарысты одан бетер қыздыра түсті. Одан бөлек ҚР халықаралық дәрежесіндегі төрт спорт шебері, 2 спорт шебері және 3 спорт шеберлігіне үміткер шахматшы азаматтар қатысып, өз мүмкіндіктері мен шеберліктерін көрсетті», -  деп мәлімдеді.

Жарыстың соңында жарысқа қатысушылар мен жүлдегерлерге сонымен қатар, дене мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға  «Алматы» спорт кулубының арнайы медельдары мен дипломдары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу