«Қызметкерлер міндетті вакцинадан бас тартқан жағдайда, апта сайын өз қалтасынан немесе жұмыс беруші есебінен ПТР тапсырып отыруға міндеттеледі. Вакцина тегін, ол үшін мемлекет төлеп отыр. Ал ПТР-дің вирустың алдын алуға мүлдем пайдасы жоқ, оның үстіне ақылы. Егер тегін вакцина алғыңыз келмесе, онда апта сайын ПТР тапсырғаннан басқа амал жоқ», - деді министр.
Қазіргі таңда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Міндетті вакцинацияға қатысты талаптар қаулы қол қойылған соң күшіне енеді.
Цой: Тегін вакцина салдырғыңыз келмесе, апта сайын ПТР тапсырыңыз