Досмұхамбетов: Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетемін

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жемқорлық ісі бойынша күдікке ілініп, үстінен қылмыстық іс қозғалған бұрынғы орынбасары Нұрлан Таубаевтың кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеді.
"Тергеу қалай жүріп жатқаны туралы жауап бере алмаймын. Мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер тікелей қол астындағы қызметкер жемқорлықпен айыпталса және сот оны дәлелдесе, отставкаға кетуі керек. Барлық мемлекеттік қызметкер тәрізді мен де бұл заңға бағынамын, сот сондай шешім шығарса, заңға сәйкес әрекет етемін", - деді Махамбет Досмұхамбетов бүгін Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингіде.
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының жетекшісі Тимур Басаров былтыр қыркүйекте ұсталды. Атырау облысы жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Таубаев пен басаров жол құрылысы және инфрақұрылымды дамытумен айналысатын компаниядан 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін мәлімдеген.
Былтыр желтоқсан аяғында тергеу аяқталып, іс сотқа берілді.
Жақында сот өтуі тиіс еді, алайда 9 маусым күні уақытша тергеу абақтасындағы Таубаевтың денсаулығы нашарлап, облыстық ауруханаға жеткізілді. Таубаевтың өтіне операция жасалып, сот кейінге қалды.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Почему казахстанцы ищут отцов, которых не знали?
О проблеме участия мужчин в воспитании детей в Казахстане сложно судить объективно из-за отсутствия серьезных исследований. Роль отцов как ушла на второй план в депрессивные девяностые, так, кажется, особо и не повысилась, если судить по ближнему окружению, в котором обязательно найдутся люди, при живом отце выросшие без его внимания.