457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболист Әлібек Батырбеков жол апатынан қаза тапты

Бірнеше футбол клубтарының бұрынғы ойыншысы, балалар мен жасөспірімдер командасының жаттықтырушысы Батырбеков Әлібек Асылбекұлы жол апатынан қаза тапты.

Жол апаты Алматы-Талдықорған тасжолында болған.  «26 жастағы жүргізуші сағат 18:20 шамасында тасжолдың 109-шақырымында рөлді тізгіндей алмай, қоршауға соқтығысты. Жол апаты салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қаза болды. Екі жолаушы зардап шегіп, Қонаев ауруханасына жатқызылды», - деді жергілікті ПД өкілі.

Әлібек Асылбекұлы әр жылдары «Бәйтерек», «Жетісу» футбол клубтарында ойнаған.