Ғылымы дамыған ел өседі

Malim Админ

  • 12.04.2021

12 сәуір – Ғылым күні. Соңғы жылдары мемлекет ғылымды қаржыландыруды арттырып, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жеткізбек. Бұл, әрине, ғылымның дамуына оң әсерін тигізіп отыр. Мысалы, Web of Science негізгі үш индекске кіретін ғылыми журналдарға қазақстандық ғалымдар 2020 жылы 2360 мақала шығарды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 13 пайызға артық.

Бүгін қазақстандық ғалымдарды кәсіби мерекесімен құттықтаған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру екі есе артқанын, ғылым дамыса ғана мемлекет дамитынын айтып өтті.

Ғылым күніне орай біз осы тақырыпта Phd, білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі Қуаныш Жұмабекұлымен сұхбаттастық.

– Бүгін – ғылым күні. Осы орайда сұхбатымызды Қазақстан ғылымы жайлы аз-кем әңгімеден бастасақ. 2019 жылы ғылымға 82 333,1 млн теңге,  ал 2020 жылы  85 180,6 млн теңге бөлінді. 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жетеді деп хабарланды. Ғалымдар мемлекет тарапынан жасалып жатқан осы қолдауды сезіп жатыр ма? Өзіңіз ғалым ретінде бұл туралы не дейсіз?

– Өзіңіз білесіз, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ең бірінші көтерген мәселесі – білім мен ғылым. Бұл отандық ғылымның сапасын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында үлкен серпіліс.  Ғылымға бөлінген қаржы – болашаққа инвестиция. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына гранттар бөлініп жатыр. Бұл – нақты нәтиже.

– Ғылым күнінде А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының атқарып жатқан жұмыстарына да қысқаша тоқталсақ. Осы жұмыстар жайлы толығырақ тарқатып айтып бересіз бе?

– ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» жобасы аясында орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер мен анықтағыштар әзірлеу, Салалық топонимиялық және антропонимиялық сөздіктердің қолжазбасын әзірлеу, Салалық терминологиялық сөздіктердің қолжазбасын әзірлеу, теолингвистикалық сөздік әзірлеу сияқты жұмыстар атқарылды. Бірақ жетілдірілген әліпбимен қайта толықтырылып, өзгерістер енгізіледі.

– Өзіңіз ғалым ретінде ғылымның дамуына қалай үлес қосып жүрсіз?

– 2020 жылы «Türkiye Türkçesi ve Kazak Türkçesinde Hayvan Adı İçeren Atasözleri Üzerine Karşılaştırmalı Bir Çalışma» тақырыбындағы докторлық диссертациям Түркияның жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес үздік деп танылып, түрік ағайындардың қолдауымен Ыстамбұл қаласындағы «Platanus Publishing» баспасынан монография ретінде жарық көрген болатын. Сондай-ақ ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» жобасының 4.12 тармағына сәйкес жасалған «Кирилл және латын графикаларында теолингвистикалық сөздіктің» жауапты редакторы және құрастырушысы болдым.

– Рахмет!

 

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.