Іле ауданында қоныс той

Олжас Қасым

  • 30.11.2020

Алматы облысына қарасты Іле ауданы орталығын Өтеген батыр кентінде 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ баспана кезегінде тұрғандарға арналған «5-10-20» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Тұңғыш президент күніне орай көпбалалы аналар, бюджеттік мекемелерде еңбек ететін мамандар үйлі болды. Салтанатты жиында аудан әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ пәтер иелеріне кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады. Сондай-ақ жаңа пәтер иесі атанған көпбалалы Әубәкіровтар отбасынаның үйіне кіріп, сый-сияпат жасады.

«Баршаңызды келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен және жаңа қоныстарыңызбен құттықтаймын! Отбасыларыңыздан береке-бірлік кетпей жаңа үйлеріңіздің іші ырысқа толы болсын! Жеке баспана әркімнің шағын мемлекеті. Ал,  баспаналы болу  кім үшін болса да үлкен қуаныш.  Қуаныштарыңыз  жақсылыққа ұласа берсін! Егеменді еліміздің іргесі аман, аспанымыз ашық  болсын!», -  деді әкім Бағдат Қарасаев өз құттықтауында.

Үйдің құрылысын жүргізген «Агроспецстрой» ЖШС. Үй барлық талаптарға сай сапалы салынған. Аудан әкімі салтанатты жиында серіктестіктің басшысы Уәлихан Әзімханұлы ЖҰМАБАЕВҚА алғыс айтып, жұмысына табыс тіледі.

Сондай-ақ, биылғы жылы  Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде бюджет қаражатына инженерлік желілер тартылып, жеке  кәсіпкерлер есебінен 130 пәтерлік 3 тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Іле ауданында қоныс тойлар алдағы уақытта да жалғаса бермек. тұрғын үй кезегін азайту мақсатында, Өтеген батыр ауылында тағы да 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Одан басқа 72 пәтерлі үш үй мен 100 үйден тұратын коттедж қалашығын салу жоспары бар.

Мемлекет басшысының тапсрымасымен қолға алынған «50-10-20» бағдарламасы адамдарға өте ыңғайлы. Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінен жеке шот ашып, пәтердің жалпы құнының 10 пайызын жинасаңыз, 20 жылға дейін 5 пайыздық жеңілдікпен несие алып, баспана сатып алуға болады. Бағдарламаны "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" аясында біріншіден, үй кезегінде тұрғандар ілінеді. Екіншіден, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандары. Үшіншіден, толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардар пайдалана алады.

Фотоларды Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.  

Байланысты жаналықтар

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023
MalimBlocks
Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.