Карантин қайта енгізілуі мүмкін

Malim Админ

  • 28.09.2020

Дәрігер, нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев елде вирус қатты тараса, қатаң карантин шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты. Дәрігер бұл ойын өзінің Instagram-дағы парақшасында жеткізді.

"Еуропа мемлекеттерінде вирус қайта өршіп жатыр. Қазақстанда да солтүстік аймақтарда құс тұмауы тарап жатыр. Балабақша,мектептердегі балалар коронавирупен ауырып қалды деген хабарламаларды естіп қалып жатырмыз. Әрине, мектепті ашқан кезде балалар бір-біріне коронавирус жұқтырып, ары қарай таратуы мүмкін деген болжам болған еді. Сол болжам жүзеге асып жатқан сияқты. Балалар жеңіл түрде ауырады, бір-екі күн дене қызуы көтеріліп, жүгіріп кетіп жатады. Бірақ үйдегі үлкен кісілер немесе мектеп мұғалімдері ауырып қалу қаупі бар. Сондықтан мүмкін болса, қашықтан оқуды әлі де болса жалғастырған дұрыс", - деді дәрігер.

Ол, сонымен қатар, вирусты тоқтатуға ең қатты әсер ететін шараларды да атап өтті.

"Жарты жылдық карантин, пандемияны талдайтын болсақ, алғашқы карантинді ешкім түсінбей де қалған да болар. Бірақ екінші рет енгізілген карантин коронавирусты қалай тоқтатқанын немесе бәсеңдеткенін сараптайтын болсақ, локдаун мен арақашықтықты сақтау - коронавирустың тарауын тоқтатқан негізгі механизм. Ол өте әсерлі және тиімді. Бетперде кию мен қолд жуу да тиімді, әрине. Бірақ вирус тарауын тоқтатқан негізгі фактор – арақашықтық сақтау. Егер вирусты тарататын және оны қабылдайтын адам болмаса, вирус ауада қалады, ары қарай тарамайды".

Дәрігер елде той-томалақ, ас беру көбейіп кетті, ал бұл вирустың тарауына себеп болуы мүмкін дейді.

"Әрине, бұл салт-дәстүр, онсыз болмайды дейміз. Бірақ әр адамның денсаулығы – бұл Құдайдың берген сыйы. Соны қадірлеп, құрметпен қарау керек. Өз денсаулықтарыңызды күтіп, сақтауға әрекет етіңіздер. Мүмкін болса, арақашықтық сақтаған дұрыс. Ал елде локдаун, карантин бола ма, оны болжап айту қиын. Бірақ егер вирус қатты тараса, оны тоқтату үшін карантин шаралары қайта енгізіледі деген болжам бар", - деді М.Бердіқожаев.

Байланысты жаналықтар

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

21.08.2024

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады

28.12.2021
MalimBlocks
Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

Еліміздің әуежайларында маймыл шешегіне қарсы жаттығулар өтті

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегі ауруы тартылды

Жаңа жылдан Ashyq "көктер" үшін жабық болады