Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көктемде қай өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін?

Сұқбат
Көктемде қай өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін?

Көктем жақындап қалды.  Еліміздің 10 өңірінде су тасқыны қаупі бар.   Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов  осылай деп мәлімдеді.  

«Бүгінгі таңда елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы біршама тұрақталды. Қазгидрометтің ақпан және наурыз айларының соңына болжамына сәйкес, республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде тәулігіне айлық нормамен мол жауын-шашын түсуі мүмкін. Осыған байланысты 10 өңірдің елдімекендерін, оның ішінде Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында тау суларының ағыны салдарынан су басу қаупі бар», - деді министр бүгін.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлерінде қардың көп еруіне байланысты су тасқыны қаупі бар. 

«Сөзсіз, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді. «Көктем» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді. Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды», - деді Ш.Әрінов.      

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу