Мектепке дейінгі ұйымдарға зор қолдау жасалады

Malim Админ

  • 31.08.2023

Бала мектеп табалдырығынан  сақадай сай, зияткерлік, физикалық, психологиялық, яғни барлық жағынан дайын болып аттауға тиіс.  Ұл-қызға тиімді дағдыларды дарытып, жақсы қабілеттерді меңгертетін әрине, мектепке дейінгі білім беретін ұйымдар. 

2023 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда 300-ден асатын осындай мекемелер ашылған екен.  Онда 30 000 бүлдіршін тәрбие алып жатыр.  Он жыл бұрын балабақшаларға жолдама беру біршама қиын еді. Оқу-ағарту министрлігінің статистикасына сәйкес, 2018 жылдан бері жолдама алуға кезекке тұру үрдісі екі есе азайған. Алдағы екі жылда жас шамасы 2-3 жас болатын бүлдіршіндерге 220 мыңнан астам орын ашылмақ. Қазір қажетті шаралар жүргізіліп жатыр.  

Бір сөзбен айтқанда, республика бойынша  мектепке дейінгі ұйым саны  11320-ны құрап отыр. Еліміздің ірі қалалары мен ауыл-аймақта  948 мың 362 жас өрен оқуда. Жалпы, бұл дегеніміз еліміздегі  балалар санының 89  проценті.

Жаңа өспірім балаларға маңдай терін жұмсап, жан аямай еңбек етіп, тәлім беретін мамандардың еңбекақысы да жоғары болуы қажет. Тиісті, кешенді жұмыстардың арқасында 4 жыл ішінде оқытушылардың айлығы 25 %-ға көбейген.  Келесі айда, яғни қыркүйекте ұстаздық ететін білікті мамандардың еңбекақысы 30 пайызға ұлғайтылғалы отыр.  

Білім беру мекемелеріне орындарды нақтылап, дұрыс бөлу маңызды. Бұра тартуға, тізеге басуға жол бермей, ашықтыққа, әділдікке назар аудару қажет. Осыны ескерген ведомство оңтайлы бастаманы қолға алуда. 2023 жылдың аяғына дейін балабақшаларға кезекке тұрғызу жеңілдейді. Яғни, кезекке оңай қою мақсатында біртұтас деректер базасы дайындалады. 

Министр Ғани Бейсембаевтың пікіріне зер салсақ,  хал-ахуалы әр түрлі ата-аналар бар. Демек, мектепке жол бастаушы ұйымға таңдау жасарда ата-ана қиналмауға тиісті. Оның тың жолдары қарастырылуы аса қажет.

Әр бала әлеуметтік теңсіздікті сезінбеуі керек. Бәрне де тең жағдай жасалуы көзделуде. Осы тұста жүзеге асып жатқан ауқымды шаруаның бірі -  қазақстандықтардың арасындағы  әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған ұл-қыздар ақысыз негізде тамақтанады.     Президенттің тапсырмасы да тиісті нәтиже бермек.  Жаңа оқу маусымында  балабақшадағы  әлеуметтік осал топтан шыққан бүлдіршіндер ешқандай ақша төлемей-ақ тамақтана алады.    Олардың жалпы саны  98 мыңға жуық. 

Айта кетуге тиіспіз, Қазақстан бойынша  2 мен 6 жас мөлшеріндегі  ұл-қыздардың  89,1 проценті  мектепалды оқыту, сондай-ақ тәрбие-тәліммен  қамтамасыз етілуде.

Байланысты жаналықтар

100 пайыз қазақ тілді балабақшаға әлі ерте

07.08.2023

«Білімді ұлт» жобасы. Балабақшалар мен мектеп мәселесі қаншалықты шешімін тапты?   

19.04.2023

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

01.09.2022

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

10.06.2022

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

02.06.2022

Балабақшадан – ауруханаға: «Директор ақша беріп құтылмақ болды»

15.04.2022
MalimBlocks
100 пайыз қазақ тілді балабақшаға әлі ерте

Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры брифингте осылай хабарлады.

«Білімді ұлт» жобасы. Балабақшалар мен мектеп мәселесі қаншалықты шешімін тапты?   

Жастарды ақысыз негізде техникалық және кәсіптік  біліммен қамтып, жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу жүйесінің көкжиегін кеңейтуге аталмыш жобаның тигізер оң ықпалы көп

Аймағамбетов Тоқаевты неге өтірікші жасай береді?

Министрім не дейді, президентім не дейді? Аймағамбетов Тоқаевты екі айдың ішінде екі түрлі сөйлеуге мәжбүрледі.

Аймағамбетовтің арманы: Шымкент министрді өтірікші жасайын деп тұр

Аймағамбетов биыл балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті деген. Шымкенттегі жағдай осы көрсеткішке күмән тудырады.

Аймағамбетов балабақшаларды тексеруге енді жетті

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елдегі балабақшаларда тексеру жұмыстары басталып, оларға қойылатын талаптар күшейетіні туралы жазды. Министр балабақшадағы камералар әсерінен балалар құқығының бұзылған фактілері анықталғанын жазып, енді оларды қорғау мәселесіне баса көңіл бөлмек екен.

Балабақшадан – ауруханаға: «Директор ақша беріп құтылмақ болды»

Мен жыл сайын, ай сайын бала туатын мысықпын ба, итпін бе?