Министр Цой дәрігер реабилитологтың видеосына пікір білдірді

Malim Админ

  • 05.07.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бүгін кешке Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде кешелі бері әлеуметтік желіде тарап жатқан шымкенттік реабилитолог Айна Бакееваның видеосына қатысты пікір білдірді.

"Бұл видео қатты тарап жатыр. Шымкенттегі жекеменшік аурухананың терапевт реабилитологы емдеу жолдарын айтып, азаматтарды хаттама бойынша емдеуден бас тартауға шақырды. Қазірдің өзінде түкпір-түкпірдегі дәрігерлер, денсаулық сақтау жүйесінің мамандары бұған пікір білдіріп жатыр. Қазақстандағы барлық клиникалық хаттамалар әлемде мойындалған, дәлелденген әдістемеге сүйенген, оны жасауға отандық клиницистер қатысқан. Емдеу кезінде аурудың асқынуы емдеу схемасына байланысты. Инфекционист дәрігерлер препараттарды қалай, қандай мөлшерде қолдану керек, қандай жағдайда қолданбау керектігін жақсы біледі. Бұл препараттар ұзақ жылдан бері науқастарды емдеуде қолданылады. Дәрігер клиникалық хаттамадағы  емдеу схемасын нақты ұстануы керек, ең маңыздысы осы. Әріптестеріміз ол дәрігермен байланысып, талқылап, оны тыңдағысы келді. Бірақ оған хабарласып түсе алмадық. Үйіне де барды, бірақ таппады. Бірақ кез келген сәтте оны талқылауға дайынбыз", - деді А.Цой.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та видеоға қатысты пікір білдірді.

"Елдің арасында біраз әңгіме туғызғаны рас. Біз осындай жағдайды ерекше қарап отыруымыз керек. Елге айтатыным,  дәрігерлердің бірде-бірі емдеу хаттамасына байланысты шешімді жалғыз өзі қабылдамайды. Халықаралық нақты нұсқаулар мен инфекционист дәрігерлердің негіздеуіне байланысты қабылдайды. Осының арқасында қанша адам емделіп шықты. Ол дәрігерге байланысты тапсырма бердім. Ол дәрігермен бірге жұмыс істеуге дайынбыз. Медицина саласының азаматтары, елге жақсылық жасауға ниетіміз бар болатын болса, оны бірге жасау керек. Сондықтан ондай нәрселерді мамандармен бірге шығып талқылауға қарсылық жоқ", - деді Ералы Тоғжанов.

Шымкенттік дәрігер Айна Бакеева кеше әлеуметтік желідегі видеода денсаулық сақтау министрлігін коронавирусты емдеу хаттамасын қайта қарастыруға үндеген. Оның айтуынша, қазір науқастар вирусты өкпе қабынудан емес, өкпенің ісінуінен қайтыс болып жатыр.

А.Цой сондай-ақ бриифингіде қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды. "Тексерілген ақпаратқа қана сеніңіздер. Барлық хаттама, материалдар денсаулық сақтау министрлігі мен ресми орындардың парақшаларына ілінген. Қалған видеоларды азаматтар өз бетінше жасап таратып жатыр. Әр жағдайда ресми органнан сұрап, рас-өтірігін анықтау керек", - деді А.Цой.

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

23.08.2024

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

16.08.2024

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

15.08.2024

Джо Байден коронавирус жұқтырды

18.07.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды

Алматылық қариялардың 30 пайызы короновирус жұқтырған

7 күнде 4 КВИ жағдайы тіркелген

Коронавирус қаупі. Маска тағу міндеттеле ме?

Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қамтылған

Олимпиадада жүлде алған 3 спортшы мен 2 бапкерден коронавирус анықталды

Президенттің Париж Олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кейінге қалдырылды.

Джо Байден коронавирус жұқтырды

АҚШ президенті осыған байланысты Лас-Вегаста өтетін конференцияға қатыса алмайды.