Назарбаевтың ұлттық жобасы «Рухани жаңғыру» күшін жойды
Үкімет «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының күшін жоюды жоспарлап отыр.
Ашық НҚА-да «Ұлттық рухани жаңғыру» туралы үкімет қаулысының күшін жою туралы жобасы 31 шілдеде жарияланды. Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеп, 2021 жылғы 12 қазандағы «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» қаулының күшін жоюды жоспарлап отыр. Қоғамдық талқылаулар 14 тамызға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 724 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын экс-президент Назарбаевтың тапсырмасымен 2017 жылы әзірленген болатын. Бағдарламаның мақсаты рухани-мәдени құндылықтарды сақтау және арттыру, сонымен қатар әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу болатын. «Рухани жаңғыру» аясында «100 жаңа есім», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары жұмыс істеген болатын.