NUR OTAN жаңа мүмкіндіктер алаңы

Malim Админ

  • 17.12.2020

«NUR OTAN» ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ

Ақтөбеде партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша «Казпошта» АҚ филиалының  еңбек ұжымымен қалалық маслихат депутаттығына үміткер Ардақ Өтегенов, Асхат Қалжанов, Алтынай Мұханова  кездесу өткізді. Бағдарламаның  жеті бағытын айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Онлайн форматта өткен кездесуде үміткерлер 10 қаңтар күні барлық ұжымды сайлауға дауыс беруге шақырды. «Nur Otan» елдің партиясы» деп сөзін бастаған Ардақ Өтегенов бағдарламаның алғашқы басымдылығын атап өтті.

"Барлығыңыз білетіндей партияның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсатуға жұмыс жасу. Бағдарламада көрсетілгендей жаңа жұмыс орындарын құрамыз. Бағдарлама бес жылға реттелген. Бір ғана жылдың ішінде 250 жұмыс орнын құрумен болат дайындамалар өндіру бойынша электрометаллургиялық зауыттың 1-ші кезегін салу жоспарда тұр. Өндіріс бойынша екі үлкен көлемді зауыт салынады. Елімізде болған коронавирустық пандемия жағдайында нарықтағы азық-түлік тауарларымен тұрақтандыру қашан да өзекті. Сондықтан бағдарлама аясында азық-түлікпен қамтамасыз ету экономикалық тұрақты қала басымдылығына кіреді. Осы басымдылық бойынша кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі",-деді Ардақ Өтегенов.

Алтынай Мұханова жеті басымдылықтың «Жайлы қала» деп аталатын бағытына тоқталып, жыл сайын 5 көп қабатты тұрғын үйге жаңғыру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Ал Асхат Қалданов болса, медицина саласында болатын жаңа өзгерістермен бөлісті.

Қаржы Nur Otan партиясы Ақтөбе қалалық сайлау қорынан төленді.

Байланысты жаналықтар

Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

13.01.2021

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

12.01.2021

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

11.01.2021

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

10.01.2021

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

04.01.2021

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған

04.01.2021
MalimBlocks
Жаңа депутаттарды Шөкеевтің туыстары күтеді

ОСК аутсайдер партиялардың ресми тізімін жариялады

Оппозиция қатыспаған сайлаудың өзі әділетті өткен жоқ

"Орын жоқ, дәлізде тұрыңдар". Тәуелсіз бақылаушыларға кедергі жасалды

«Nur Otan» сайлауалды бағдарламасын насихаттауда

Байқаушыларға қажетті жағдай жасалған