Порнография түсіріп, таратқандар  ұсталды

Жас қыздарды модель агентізіміз деп порнографияға түсірген қылмыскерлер ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Malim Админ

  • 10.08.2023

Құқық қызметкерлерінің анықтауынша қылмыстық топтың мүшелері ұзақ уақыт бойы әлеуметтік желі арқылы 2 млн теңгеге дейін айлық төлейміз деп 18-25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа шақырған. Модель агенттігі деп келген қыздар порностудия екенін біліп бас тартқан жағдайда қылмыскерлер оларды қорқытып, бопсалап, айыппұлға жығып жұмыстан босатпаған.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қыздардың интимді видеоларын тәулік бойы көрсетуге арналған 79 кеңсе мен пәтерді анықтаған. Арнайы операция барысында аталған қалаларда бір уақытта 138 тінту жүргізіліп, 80-нен астам компьютерлік жабдық, шамамен бір килограмм есірткі құралы және 69 мыңнан астам АҚШ доллары тәркіленді. Полицияға барлығы 118 адам жеткізіліп, қылмыстық топтың негізгі 13 ұйымдастырушысы, оның ішінде үш шетел азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандар:  басшылар, ұйымдастырушылар, азғырып көндірушілер, әкімшілік, IT-мамандар мен бухгалтерлер. Анықталғандай, қылмыстық топтың қаражат айналымы соңғы бес жылда 3 млрд теңгеден асқан. Қазіргі уақытта ІІМ тергеу департаменті трансұлттық қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық топтың негізгі мүшелеріне мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады,- деді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.