Қаһарман халықтың ерлігі әрдайым ұрпақ есінде

9 мамырда Қазақстан тарихи тұрғыдан алғанда маңызы зор құрметті мереке - Жеңіс күнін атап өтеді.
1941-1945 жылдар аралығында жүрген соғысқа Қазақстандағы әр отбасының қатысы бар. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанның 1 млн 800 мың шамасында азаматы майданға аттанды. Жүздеген мың отандасымыз ұрыс даласында көрсеткен ерлігі үшін орден-медаль алды, ал 500-дей қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
Қазақстан Ұлы Отан соғысының барлық қатысушысына зор құрмет көрсетіп, қамқорлық жасап келеді. 2020 жылдың мамырында “Ардагерлер туралы” заң қабылданды, онда әлеуметтік қолдау көрсетудің ұйымдастыру, экономика және құқық негіздері анықталды.
Осы орайда Ruh.kz порталы сын сағатта Отан үшін от кешкен батырлар, есімі қазір елді мекендер мен түрлі ұйымдарға берілген жандардың ерлігі, қатерлі сәтте тайынбаған отандастарымыз жайлы естелік қарап, еске алуды ұсынамыз.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.