Қаңтар оқиғасы кезінде қару ұрлағандар Шымкентте ұсталды

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасады деп күдікке ілінгендермен қоса, ұрланған қаруды сатып алған адамдар да ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақниет Аманжолқызы

  • 16.06.2022

Ұсталған үш адам да Түркістан облысының тумалары. Олар Алматыдағы қару-жарақ дүкеніне ұрлыққа түсті деген күдікке ілінген. Тағы бірнеше адам олардан осы қару-жарақты сатып алмақ болған.

«Ұсталған үш адамның біреуі Алматыға қонаққа келген, қалған екеуі жалдамалы пәтерде тұрып жатқан. Ол тұрғын үйдің бірінші қабатындағы қару-жарақ дүкеніне ұрлыққа түсіп, Шымкентке қашып кеткен. Екі «Сайга» карабині мен 70 оқ-дәріні алып-сатарларға өткізген. Тирға арналған бір винтовканы күдіктілердің бірі өзіне алып қойған», - деп хабарлады полиция.

Қазір олар қамауда отыр. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында сұйылтылған газ бағасының көтерілуіне қарсылықтан бастау алған жаппай наразылық бірер күнде Қазақстанның барлық өңірін қамтыды. Бірқатар қалада наразылықтың аяғы қантөгіске ұласты. Ресми мәлімет бойынша 238 адам қайтыс болды.

Бірқатар өңірде күш құрылымдары жағдайды бақылауда ұстай алмай, дүкендер мен сауда орталықтары тоналды.

Байланысты жаналықтар

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

23.05.2025

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

23.05.2025

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

22.05.2025

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

21.05.2025

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

21.05.2025

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған

19.05.2025
MalimBlocks
Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметінен кетеді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері аумағын тікұшақпен аралап көрді

Алматыда балаларға арналған бірқатар шара өтті

Дженнифер Лопес Алматыға келеді

Алматыда университет жатақханасы бизнеске жалға берілген

Қымбат пәтер мен көлік алған: Шымкентте университет қызметкерлері ақша жымқырған