Қараталдықтардың қуанышы

Берік Жанатханұлы

  • 02.12.2020

Алматы облысына қарасты Үштөбе қаласында қоныс той. Тұңғыш президент күніне орай Қаратал ауданы орталығында елу отбасы баспаналы болды. Баспана «Шаңырақ», «Көкдала» шағын аудандарында берілді. Бұл туралы облыстағы МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі хабарлайды.

Қаратал ауданында бірінші кезекте көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі және кезекте тұрған жергілікті тұрғындар баспаналы болды.

«Тұңғыш Президент мерекесіне орай баспаналы болып отырмыз. Қолымызға үш бөлмелі пәтердің кілті тиді. Барлығына рақмет. Мемлекет басшысына, әкімдерге. Үйге мұқтаж қарапайым жандар осындай қуанышқа қуанышқа жете берсін», - деді төрт баланың анасы Алтынай АХМЕТЧЕНОВА қуанышын жасыра алмай.  

Бұл «Шаңырақ» шағынауданындағы отыз пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысына республикалық бюджеттен 223млн. 972 мың теңге бөлінсе, облыстан 95млн. 799 теңге құйылған екен.

Жергілікті шенеуніктер жұмыс осы бағытта жүре беретінін айтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ «баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеті» деген еді. Оны жүзеге асыру біздің халық алдында парызымыз дейді аудан басшысы Қайрат БҰЛДЫБАЕВ.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫНЫҢ саясатының арқасында осындай бағдарламалармен үйлер салынды. Қоныс той дейтін қуаныш келер жылы да жалғасады. Бүгінгі мереке баршамыз үшін құтты болсын. Әр үйде жақсылық көп болғай», - деді баспаналы болған бұқараны құттықтаған Қаратал ауданы әкімі Қайрат НАЙМАНБАЙҰЛЫ.

«Көкдала» шағын ауданынан үйлі болғандардың да көңілі шат. Бұл жерде 20 жер үйдің кілті табыс етілді. Қуанғанан ауыздарына сөз түспегендер де болды.

«Үйдің кезегінде төрт жыл тұрған ем. Алты балам бар. Міне желтоқсан айының бірінде үй беріп жатыр. Үкіметтің көпбалалы аналарға көмектесіп жатқандарына ризамыз. Елбасыға, облыс әкіміне рақмет», - деді көпбалалы ана Хамитгүл ЕРХАНОВА.

Ал «Көкдала» шағын ауданындағы құрылысқа 180 миллион 404 мың теңге, облыстан болса  100 миллион 432 мың теңге қаражат бөлінген. Жалға берілген үйлердің мағайы абаттандырылған. Барлық инфроструктура тартылған.

«Сметалық бағағы екі жүз сексен бір миллион теңге. Оның үстінен инженерлік секторге 101 млн ақша бөлінген. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана құрылысы жүрді. Мына «Көкталдағы» жер үйлердің ішінде санузел бар. 65 шаршы метр. Жалпы құрылыс ауданы 1300 шаршы метр», - дейді құрылысты жүргізген «Қолғанат» ЖШС-нің  бас инженері Мирас Жаһанұлы.  

Ресми мәлімет бойынша Қаратал ауданында 1154 адам баспана кезегінде тұр. 2021 жылы  жүзден аса отбасына үймен қамтамасыз ету жоспарда бар екен.

Фотоны автор ұсынды.