Қаржы министрлігі есеп комитетінің ескертулеріне жауап берді

Malim Админ

  • 18.06.2021

   Қаржы министрлігі парламентте үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Жиында Есеп комитетінің басшысы бірқатар ескерту жасады.

   Қаржы министрлігінің хабарлауынша, есеп комитетінің баяндамасында көрсетілген бұзушылықтар саны артқан. Ол өңірлерде тексеру комиссияларының нәтижелік тексерулер ауқымының артуымен байланысты. Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылы 296 млрд.теңге көлемінде қаражатты тиімсіз жұмсағаны анықталды.

   Керісінше, қалған мемлекеттік аудит органдарының қаражатты тиімсіз пайдалану деректерінің айтарлықтай төмендеуі байқалады.

   Осылайша, Есеп комитеті анықтаған бұзушылық фактілері 32% -ға, ал ішкі мемлекеттік аудит органдарынікі (ІМАК және ІАҚ) 3 есеге азайып, 29 млрд теңгені (2019 ж. - 94 млрд.теңге) құрады.

   Төмендеуге негізгі себеп - бұл аудит саласын цифрландырудың нәтижесі, яғни ақшаны тиімсіз пайдалану фактілерінің алдын алу және болдырмау бойынша камералды бақылау мен алдын-алу шараларымен байланысты.

  

   Есеп комитеті  Ұлттық қорға аударылуы тиіс қаражаттардың басқа мақсаттарға аударылғаны анықталғанын атап өтті.

   Алайда, Қаржы министрлігі есептік кезеңде Ұлттық қорға жіберілуі қажет барлық салықтар мен басқа да төлем түрлері толық қорға аударылғанын алға тартты.

   Қарашығанақ жобасы бойынша арбитраждық даудың нәтижелерінде тағайындалған қаржылық өтемақы бюджеттік сыныптама және Бюджет кодексіне сәйкес «Республикалық бюджетке салықтық емес басқа түсімдер» коды бойынша аударылды.

   Ал, Ұлттық қордың активтері 2020 жыл ішінде 744 млрд теңгеге артып 28,2 трлн теңгені құрады.

  

   Есеп комитеті өткен жылы, жоспарланған қосымша түсімдердің 7 есеге төмендегенін хабарлады (жоспар 1,5 трлн. теңге).

   Қаржы министрлігі мұны, нақтыланған республикалық бюджетте жоспарланған қосымша салық түсімдерінің көлемі 1,5 трлн емес, 476 млрд теңгені құрады деп түсіндірді.

   Өткен жылы тексерулерге жарияланған мораторий мен кәсіпкерлерге жасалған салықтық жеңілдіктерді ескерсек, іс жүзінде 710 миллиард теңге қосымша түсім түскен.

   Осылайша, Қаржы министрлігі іс жүзінде дағдарыс кезінде қосымша кірістер көлемінің төмендеуіне жол бермей, керісінше, жоспарланған кірістер көлемін 1,5 есеге арттырды.

  

   Есеп комитетінің есебінде болашақ төлемдердегі артық төлемдер проблемасы да көрініс тапқан.

   Қаржы министрлігінің мәліметінше, жеке шоттардағы артық төлемдерді толығымен жою мүмкін емес. Осылайша, КТС артық төлемі жыл ішінде заңмен бекітілген ай сайынғы аванстық төлемдерді төлеуге байланысты. Мұндай тең кірісті қамтамасыз ету халықаралық тәжірбие, оның ішінде ЭЫДҰ елдерінде де (АҚШ, Франция, Люксембург және т.б.) бар.

   Сонымен бірге, табысы 325 мың АЕК-тен асатын ірі КТС төлеушілердің ғана ай сайын аванстық төлемдер жасау міндеттемесі бар. КТС төлеушілерінің қалған 90% -ына бұл талап тарамайды.

   Жалпы, есепті кезеңде аванстық төлемдердің 28,5 млрд.теңгеге төмендеуі (171,8-ден 143,3 млрд.теңгеге дейін) дағдарыс кезеңінде компаниялардың кірістерінің төмендеуімен байланысты.

   2021 жылдың 1 қаңтарына ҚҚС бойынша артық төлем (дебеттік сальдо) 1,6 трлн. теңгені құрады. Бұл соманың барлығы дерлік салық төлеушілер сатып алған тауарлар мен қызметтер бойынша қалыптасқан. Оны ҚҚС төлеу үшін туындаған салық міндеттемелерін өтеу үшін пайдалануға болады.

  

   Есеп комитеті сондай-ақ мемлекеттік қарыздың өсуіне назар аударып, оның ЖІӨ-ге қатынасы 29,4% жетіп, фискалдық саясат тұжырымдамасында белгіленген 27% шегінен асып кеткенін атап өтті.

   Қаржы министрлігі ЖІӨ-ге қатысты 27% көрсеткіш индикативті екенін және оны Үкімет дағдарысқа дейінгі кезеңде қабылдағанын атап өтті. Жалпы мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген шектен және еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында көрсетілген көрсеткіштен (ЖІӨ-нің 50%) аспайды. Қазіргі уақытта бұл Тұжырымдама күшін жойды, макроэкономикалық жағдайды және экономикалық дамудың басқа параметрлерін ескере отырып жаңа құжат әзірленуде.

   Қалай болғанда да, барлық қарыз көрсеткіштері сол қалыпта сақталады және қауіпсіз деңгейде болады

 

Байланысты жаналықтар

Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

08.06.2020

Бизнес выигрывает суды - активисты Алматы о точечной застройке

30.09.2022

Киік мүйізі Қытай мен Ресейге жөнелтіледі

13.07.2022

"СҚ-Фармация" басшысы Собчакпен қай тойда болды?

07.08.2020

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

19.08.2021

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"

25.07.2020
MalimBlocks
Карантин: Енді сізді үйіңізде де бақылауда ұстайды

Бизнес выигрывает суды - активисты Алматы о точечной застройке

Депутаты партии «Аманат», перед выборами обещавшие казахстанцам построить общество всеобщего благосостояния, активно самоизолируются от гражданских активистов, когда речь заходит о точечной застройке крупных городов. Выслушать истории и неравной борьбе простых людей с застройщиками вызвалась Народная партия Казахстана. На ее площадке и прошел круглый стол в Алматы, участвовать в котором пришлось и местным чиновникам. Некоторые из приглашенных сотрудников госорганов встречу проигнорировали.

Киік мүйізі Қытай мен Ресейге жөнелтіледі

Киіктерді ату мәселесі талқыланып, қоғамда дау туғалы бері киік мүйізіне қатысты әр түрлі болжамдар айтылып жатыр. Соның бірі - киіктерге браконьерлік шабуылдың өршуі мүмкін...

"СҚ-Фармация" басшысы Собчакпен қай тойда болды?

Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

"Әз басының қадірі мың ердің құнынан артық"