freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сотқа шақырту: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды

Қоғам
Сотқа шақырту: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі пайда болды
Фото: pixabay

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр – алаяқтар қазақстандықтарға өздерін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып, сотқа шақыру туралы жалған хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды Malim.kz.

Абай облысы полиция департаменті мәліметінше, мұндай хабарламаларда азаматтарды айыппұлмен қорқытып немесе «мәселені шешіп беруді» ұсынып, сілтеме арқылы өтуге итермелейді.

«Бұл сілтемелер жалған сайттарға апарады. Олар ресми порталдар сияқты безендірілген. Онда пайдаланушыдан жеке мәліметтер, соның ішінде ЖСН, банк картасының деректері мен SMS-кодтар сұралады. Мұндай ақпаратты енгізу алаяқтарға сіздің қаржыңызға қол жеткізуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Полиция өкілдері мемлекеттік органдар мұндай сілтемелерді таратпайтынын ескертті. Ал сотқа шақыру тек ресми тәсілдер арқылы ғана жіберіледі.

Осыған байланысты азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерін бермеу және қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну ұсынылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу