Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет

Malim Админ

  • 09.02.2020

Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Кешелі бері сынға іліккен Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қылмыс – ұлтқа бөлінбейді. Арандатушыларға бой алдырмау керек» деді. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың туған-туыстарына көңіл білдіріп, жараланғандырдың тезірек сауығып кетуін тіледі.

«Мемлекет басшысы кикілжің салдарын жоюға қатаң тапсырмалар берді.Біз Қазақстан халқынан осы келеңсіздіктің тез арада шешілуіне барынша қолдау білдіріп, көмек көрсетуін сұраймыз. Аталған тапсырмаларға сәйкес Ассамблея еліміздің барлық өңірлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, этномәдени бірлестіктермен кездесулер ұйымдастырды.Ассамблея мүшелері «қылмыс – ұлтқа бөлінбейді» деген пікірді толық қолдайды және кінәлілер анықталып, заң бойынша жазаға тартылуы керек деп есептейді.Сондықтан бүгінгі күнгі еңбасты мақсат – арандатушыларға бой алдырмау, жеке тұлғалар жасаған тәртіпсіздік үшін бүкіл ұлтты айыптауға жол бермеу. Ассамблея халық даналығына сенім арта отырып, ел тұрғындарынан, ең алдымен жастардан еліміздегі татулық пен келісімге селкеу түсіретін, асығыстыққа ұрындыратын қадамдар мен іс-әрекеттерден сақ болуын сұрайды.Қазақстан халқы бір-бірімен әрдайым бауырмалдық қарым-қатынастың жарқын үлгісі болғанын және бола беретініне сенімдіміз.Балаларымыздың ортақ болашағы үшін ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет.Біз азаматтарды жалған қауесеттерге ермеуге, қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге, ортақ үйіміздегі татулық пен бейбітшілікті сақтауға шақырамыз», - делінген Қазақстан халқы Ассамблеясы таратқан мәлімдемеде.

2020 жылдың 7 ақпан күні Жамбыл облысындағы Масанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында жергілікті тұрғындар арасынжа жанжал болған. Бұл елді мекендерде көбіне дүнген ұлтының азаматтары көп шоғырланған. Ресми деректер бойынша сегіз адам қайтыс болып, қырықтан астам адам жарақаттанған. Полиция «адам өлтіру», «тәртіпсіздікті ұйымдастыру» бабы бойынша қылмыстық істер қозғады.

Қанат Тілеухан

Фото ғаламтордан алынды.

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

07.06.2023

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023
MalimBlocks
«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

Жители Астаны, накануне перекрывшие одну из городских улиц в знак протеста против отключения воды, докричались до самого президента. В среду, 7 июля, Касым-Жомарт Токаев принял акима города Жениса Касымбека.

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған