Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді

Malim Админ

  • 13.03.2024

Қазақстан аумағында 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 088 шетел азаматы еңбек етеді. Еңбек мигранты көп келетін ел – Қытай, деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 658 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетелдік жұмыс күшін негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 5 774 және 580 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 798 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 711 адам тартылды.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 687 жұмыс беруші бар. Оларда 459 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 99,5%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 4 281 адам (32,7%), өңдеу өнеркәсібі – 1 380 адам (10,5%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 304 адам (10%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 834 адам (6,3%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 809 адам (6,1%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 121 адам (31,4%), Үндістан – 1 176 адам (8,9%), Түркия – 1 128 адам (8,6%), Өзбекстан – 908 адам (6,9%).

Байланысты жаналықтар

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады