Қазақстанда Masa.media интернет басылымы іске қосылды
Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде ағартушылық бағыттағы masa.media атты интернет басылым өз жұмысын бастады. Интернет басылым саясат, құқық және заңнама жүйесін түсіндіреді.
"Басылымның атын "Маса" таңдауымыз кездейсоқ емес. Ақын, ағартушы, ғалым, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағы дәл осы өлеімен басталады", - дейді Masa.media-ның негізін қалаушылар.
"Masa.media-ның миссиясы — Қазақстанның жарқын болашағы үшін жастарды ағарту және олардың білімін арттыру. Masa.media-ның аудиториясы — 14–35 жас аралығындағы азаматтар. Олар — айналасына бей-жай қарамайтын, белсенді, жаңа білімге икемі бар, жаңаруға құлшынып тұрған азаматтар. Елдің болашағы — солардың қолында. Оны дәл солар өзгерте алады", - дейді жобаның авторлары.
Бұл интернет басылымның негізін журналист және медиа-менеджер Айсана Ашим (The Village Казахстан) және Әсем Жапишева («Тіл кеспек жоқ») қалады.
Masa.media трафик үшін емес, жастарды өз құқығы мен саяси процестерге қызығушылығын арттырып, сол туралы терең білім алуы үшін жұмыс істемек. "Басылымның басты мақсаттарының бірі — соған қазақ тілінде сөйлейтін оқырмандарды тарту. Себебі дәл осы аудитория құқық, саясатқа қатысты сапалы және уақытылы ақпараттың жоқтығынан көп зардап шегіп отыр", - дейді жобаның негізін қалаушылар.
Masa.media өз аудиториясының заң мен құқықты дастархан басында емес, чаттарда, пікірталас алаңында ашық талқылап, күнделікті өмірде пайдалана алуына ұйытқы болу.
"Айыппұлды қалай жоюға болады? Жақсы адвокатты қалай тапса болады? Көшеде сізді полицей тоқтатса, не істеу қажет? YouTube-та кімге жазылғаныңыз жөн? Саяси мемдерді кім және не үшін жасайды? Қалай ерікті болуға болады? Осы және өзге де сұрақтарға біз жауап береміз. Біз маса секілді құлағыңыздың түбінде ызыңдаймыз. masa.media-ны оқыңыздар», - делінген хабарламада.