457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

-Келіссөздер күрделі процесс екенін білесіздер, халықаралық мамандар тарапынан  біздің әуе тасымалы нарығымызға деген қызығушылықтары бар,-деді Талғат Ластаев.

Вице-министр журналистердің “Қазақстанда қай елдің әуе тасымалдаушысы ұшады?” деген сауалына: «Оңтүстік Шығыс Азиядан», -деп жауап берді.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болатыны туралы осы жылдың маусымында белгілі болған еді. Сол уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған Марат Қарабаев  (қазір көлік министрі — ред.) әуе компания ішкі рейстерді тасымалдайтынын айтқан болатын.  

Көлік министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жалпы саны төрт әуе компания бар, енді бесіншісі нарыққа шетелден келмек.