Құтқарушылар зомбилердің көмегіне жүгінді

  • 07.10.2021

Төтенше жағдай қызметкерлері халықтың назарын қыста иістеніп қалмауға аудару үшін осындай тәсілге жүгінуге мәжбүр болғандарын айтады. Өрт сөндірушілер мен «құбыжықтар» көмірмен пеш жағатын жеке үйлерді бірге аралады. ШҚО құтқарушылары бір күнге жұмыс киімдерін шешіп, зомби кейпіне енді. Өңірде жылу беру кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға тұрғындардың көңіл бөлуі үшін осындай ерекше әдіс қолданылуда. Мақсат - газбен улану және өрт оқиғаларын болдырмау.

«Зомби» кейіпкері де бекер таңдалмапты. Себебі, Құдай сақтасын, иіс тиіп қалған адам осындай шарасыз қалыпқа түседі екен. Дегенмен Алтай бауыры өрт сөндірушілері тек біртүрлі амалға ғана сүйенбей, арнайы құрал - газ талдағышпен үй іштеріндегі улы газдың жиналуын тексергендерін айтады. Ал зомби рөлі сөзбен жеткізу қиын орасан зор қауіп-қатерді аңғарту үшін қолданылған. Тіпті бертіндегі салқын күндердің өзінде-ақ Шығыс Қазақстан аймағында 3 адам газбен уланудан зардап шегіп үлгерген.

Пеш жағуда сақтау керек ереже:

 - жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде жылыту пештері - кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер - кемінде екі айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс;

- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктелуі қажет;

- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металлдан жасалған қаңылтырша жатуы абзал;

- әлі қызып тұрған күл тиісті жерге төгіліп, сумен сөндірілсе құба-құп.

Әлбетте пештің дұрыс орналасуы, қасында тез жанатын заттардың болмауы әрқашан бұлжымас қағида екені баршаға аян.

 

Байланысты жаналықтар

Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

03.09.2024

БҚО-да тасқыннан зардап шеккен 568 адам әлі күнге эвакопункттерде жатыр

24.08.2024

БҚО-дағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланбақ

02.08.2024

Қарағанды: Ферроқорытпа зауытында болған қайғылы оқиға себебін арнайы комиссия анықтайды.

22.07.2024

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

02.07.2024

Атырау облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталады

01.07.2024
MalimBlocks
Африка елдеріне 230 мыңға жуық вакцина жеткізіледі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегін жаһандық төтенше жағдай деп жариялады

БҚО-да тасқыннан зардап шеккен 568 адам әлі күнге эвакопункттерде жатыр

Оның 235-і балалар

БҚО-дағы екі ауданда төтенше жағдай жарияланбақ

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжаттардың жобасынан белгілі болды

Қарағанды: Ферроқорытпа зауытында болған қайғылы оқиға себебін арнайы комиссия анықтайды.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шеккен еді.

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

2024 жылғы 28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат болды.

Атырау облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталады

Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі 7 сәуірде болған су тасқынына байланысты жарияланған еді