Сайлауда өзін-өзі ұсынғандардың да мүмкіндігі молайды

Malim Админ

  • 27.08.2023

Былтыр 5-маусымда өткен референдумды Түркістан жұртшылығы жылы қабылдады әрі осы науқаннан көп үміт күткені де анық. Мен өзім Жетісай аудандық мәслихатының депутаты әрі жастардың өкілі ретінде референдумның ойдағыдай әрі адал өтуіне біркісідей атсалыстым. Өз сайлаушыларыммен кездесулер ұйымдастырып, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы толыққанды ақпарат беруге тырыстым. Жалпы халықтың Президенттің бұл шешіміне деген көзқарасы оң болды деп есептеймін.

Референдумнан кейін бірқатар заңдарға өзгерістер енді. Солардың бірі – Парламентті, мәс­лихаттарды, жергілікті би­лік­ті күшейтуге бағытталған. Нәти­жесінде олар қысылтаяң шақтарда өз бетінше жұмысын жалғастыруға қабілетті болады, бір кісіге қарап отырмайды. Осының арқасында Президент болып қандай тұлға сайланса да, оның биліктің барлық тар­мағына билік жүргізуіне жол берілмейді. Осы арқылы біз алдыңғы қатарлы елдерге бір табан жақындай түсеміз. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты ауыздықтап, тамырлануының  алдын алады.

Әрине, бұл өзгерістер  жаңа тұлғаларға саясатқа жол ашты. Ешқандай партияның атына тіркелмей-ақ өзін - өзі ұсынғандар да билікке келе алды. Бәсекелестік те өте жоғары болды. Нағыз елдің шын жанашырларын  халық өздері таңдап, сайлап алды. Парламентте де  жас депутаттарға жол ашылды.

Әлбетте, ауыл әкімдерін халықтың өзі сайлағаны жақсы ғой. Ел ішінде кімнің не істеп, не қойып жүргенін халықтан артық ешкім біле алмас. Бүгінгі таңда Жетісай ауданынын да бірнеше ауылдық округтердің әкімін қараша жұрт өздері дауыс беріп, сайлады.

Қазіргі таңда мен басқаратын  Жетісай аудандық "Жастар ресурстық ортылығы" КММ аудан көлемінде жастар саясатын іске асырып қана қоймай, жас буынның түрлі саладағы белсенділігін арттырып отыр. Қоғамдық  - саяси, мәдени, әлеуметтік, қайырымдылық  шаралардың бел ортасында жүреді. Айына  кем дегенде 10 іс - шара өткізеді. Атаулы күндерге орай мәдени және спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған. Сонымен қатар өңір жастары облыстық  түрлі байқаулар мен сайыстарда жүлделі орындардан көрініп, аудан мерейін асырып жүр. 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін