Сәтбаевта "бала зорлады" деген күдіктінің түрмеде өлгені хабарланды

Сәтбаев қаласында кішкентай қызбаланы зорлады деген күдікті тергеу абақтысында көз жұмды. Бұл ақпаратты Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесінің департаменті растап отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті өзіне қол жұмсаған.
"6 қазан күні Қарағандының тергеу абақтысында кішкентай қызды зорлады деп қамалған күдіктінің мәйіті анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі – суицид. Денені тексеру кезінде жарақат іздері байқалмады", - делінген хабарламада.
Бұл іс бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Бұған дейін Дина Смаилова жетекшілік ететін "Не молчи" қоры Сәтбаевта қыз зорлады деген 62 жастағы күдіктінің тергеу абақтысында асылып өлгенін хабарлаған.
24 шілдеге қараған түні Сәтбаевта бес жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар тарады. Қыздың қай пәтерде екені анықталған кезде тұрғындар күдіктінің пәтері маңында жиналып, күдіктіні өздеріне беруді талап етті.
Оқиғаның арты халық толқуы мен жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Әлеуметтік желіде тараған видеода Сәтбаевтың жүздеген тұрғыны көшеде жиналған сәті көрінеді. Сондай-ақ полиция көліктерінің өртенгені көрінеді.
27 шілде күні күдікті тергеу абақтысына қамалған болатын.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.