Шек шалу құрбандыққа жата ма?

Қазақ дәстүрінде шек шалу сенімі бар. Бұл Құрбан айт мерекесінен бір күн бұрын атқарылады.

  • 07.07.2022
Көрнекі сурет: baribar.kz

Қазақ дәстүрінде шек шалу сенімі бар. Бұл Құрбан айт мерекесінен бір күн бұрын атқарылады. Мәнісі – қайтыс болған адамға құран бағыштап, мал сойып, көрші-қолаң, ағайын-туысын жиып ас беру. Былайша айтқанда, кәдімгі діни ритуал.

Құрбан айт жақындаған сайын «Шек шалу жұрыс па?» «Құрбан айт күні құрбан шалса жетпей ме, неге бір күн бұрын шалынады?» немесе «Бұл Аллаға серік қосу емес пе?» деген сұрақтар туындап жатады.

Қазақстан діни басқармасына қарасты Fatua.kz сайты шек шалуды шариғаттан тыс, қазақтың дәстүрі деп жазады. Дегенмен, ислам дініне қайшы емес. Осыған ұқсас амалдар дінде де бар екені айтылады. Хадисте:

«Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер»,  – деген. Сондықтан шек беріп, сауабын өлген кісіге бағыштау шариғатқа теріс емес», - деген хадисті келтіре отырып, пәтуа шығарады.

Шекті көп өңірлерде сол жылы жақыны қайтыс болған үйлер шалады. Қайтыс болған жлы шалса жетеді деген және үш жыл қатарынан беріледі деген түрлі көзқарастар бар. Және шек беру Құрбан айттан дәл бір күн бұрын емес, құрбан айт мерекесі қарсаңында, бірнеше күн бұрын да беріле береді деген деректер бар. Бұл қайтыс болған адамның атынан шалынатын құрбандық деген де көзқарас қалыптасқан. Сол шек шалуды бір күн бұрын емес, неге құрбан айт күндері сойса не болады? Бұл туралы исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы:

«Сауабы қайтыс болған кісіге бағышталып шалынатын құнбандықтың құрбан айтқа бір күн қалғанда шалынуы шарт емес. Құрбан айт күндері шалынатын малдар өте көп болғандықтан, нәпіл құрбандарды бір күн бұрын шалып, етін мұқтаж жандарға тарата беру кейбір жерлерде үрдіске айналған. Алайда, нәпіл құрбандарды құрбан айт күндерінде де, басқа уақыттарда да шала беруге болады», - дейді.

Көптеген қазақстандық дінтанушылардың көзқарасы және ҚМДБ-ның ұстанымы осындай. Шек шалу қазақ қоғамына ислам діні арқылы енген салт деген көзқарастар бар. Ислам дінінде қайтыс болған адамның атынан құрбан шалып, оны мұқтаждарға таратып беру үрдісі бар, бұл да соған ұқсас жағдай. Бірақ, шек шалған адам құрбан шалған болып есептелмейді, себебі, уәжіп құрбандық алдымен тірі адамның атынан шалынады, ал, қайтыс болған кісінің атынан шалу – міндет етілмеген құрбандыққа жатады. Пайғамбардың құрбан айт күндері қайтыс болғандардың атынан бір, өзі және отбасының атынын бір құрбандық шалғаны айтылады. Яғни, шамасы келетін кісі бір күн бұрын шек шалса, құрбан айт күндері құрбандық шалуы керек («Кімде-кім айт намазынан бұрын құрбан шалған болса, құрбаның қайта шалсын!» - хадис).

Енді «неге бір күн бұрын шалынады?» деген сұраққа келсек, қазақтар таңдап алған Арапа түні – исламдық көзқарас бойынша жұмақ қақпалары ашық тұратын төрт түннің бірі. Құрбан айт күндері ел жаппай айттайтын болғандықтан және әр кім өз үйінде дастарқан жаятындықтан, негізгі мерекеден бір күн бұрын шек шалып, қайтыс болған адамды еске алған. Сол себепті дін мамандары бұл дәстүрді шариғатқа қайшы емес дегенмен, құрбан айт мерекесінен бөлек қарастырады.

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.